Мал шаруашылығы

27.04.2023

Мал шаруашылығы, оның ішінде сиырлар, жаһандық парниктік газдардың 14,5% құрайды (ас қорыту кезінде ішектің ашытуы), оның ішінде метанның жаһандық жылынуға әсері көмірқышқыл газынан 25 есе көп (БҰҰДБ, 2021).

Мал шаруашылығы жаһандық жылынуға автомобиль өнеркәсібіне қарағанда көбірек әсер етеді. Мысалы, БҰҰ-ның Еуропаға арналған деректері, жем-шөп өндіруден және жайылымдардағы ормандарды кесуден болатын жанама парниктік газдар шығарындыларын ескере отырып мал шаруашылығы 700 миллион тонна көмірқышқыл газын ал автомобильдер жыл сайын орта есеппен 650 миллион тонна көмірқышқыл газын бөлетінін көрсетеді.(Greenpeace, 2020). 

Қызықты факт: автоөндіруші Volkswagen атмосфераға парниктік газдарды Австралиядағы бүкіл өндіріске қарағанда көп шығарады.


Мал шаруашылығының климаттың өзгеруіне әсері – ет тұтыну, сәйкесінше оның өндірісінің өсуіне байланысты артады. Соңғы 10 жылда ет өндірісі 15,9%-ке өсті (2012 жылғы 308 млн.тоннадан 2021 жылы 357 млн. тоннаға дейін). БҰҰДБ мәліметтері бойынша 2050 жылға қарай ет тұтыну 76%-ке артады.

Анықтама: әлемде жылына орта есеппен бір адам 42 кг ет тұтынады. Ең көп көлемде ет тұтынушылар австралиялықтар – бір адамға 116 кг, солтүстік америкалықтар – бір адамға 110 кг, еуропалықтар – бір адамға 80 кг. Қазақстандықтар бір адамға орта есеппен 71 кг ет тұтынады.

Ет тұтынудың 10%-ке артуы парниктік газдар шығарындыларының 6%-ке өсуіне әкеледі, бұл ішкі жану қозғалтқышы бар 8,4 млн.автокөліктің жолға шығуына тең. Етті тұтынатын адамдардың көміртегі ізі пескетариандықтардың (теңіз өнімдері мен жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынатын адамдар) ізінен 51%-ке көп  және вегетарианшыларға қарағанда 54%-ке көп (БҰҰДБ, 2020).

2021 жылы әлемнің 100 елі, оның ішінде АҚШ пен Еуропалық Одақ елдері 2030 жылға қарай метан шығарындыларын (барлық метан шығарындыларының 1/3 бөлігі мал шаруашылығына тиесілі) 30%-ке азайту жөніндегі міндеттемеге қол қойды.

Алайда, мал шаруашылы шығарындыларын азайту мәселелері (мал басын азайту немесе оларды басқа жемге ауыстыру арқылы) азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен шектескендіктен, Қытай, Үндістан және Ресей метан шығарындыларын азайтуға міндеттеме алған жоқ.

Сонымен қатар, келісімге қол қойған 100 елдің ішінде тек Жаңа Зеландия мен Калифорния штаты (АҚШ) мал шаруашылығындағы парниктік газдар шығарындыларының мақсатты көрсеткіштерін заңнамалық түрде бекітті.

Бразилия мен Аргентина – әлемдегі сиыр еті мен жем-шөп өнімдерін ең көп өндірушілер, БҰҰ-ның парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін ет тұтынуды азайту қажет деген ұсыныстарына үзілді-кесілді қарсы болды.

Солтүстік Ирландия мен Нидерланды да қарсы, өйткені Еуропалық Одақтың парниктік газдар шығарындыларын 55% азайту мақсатына жету үшін 2030 жылға қарай Ирландия Үкіметі мал басын 86%, Нидерланды 33% қысқартуы керек екен.




Қарау саны: 1807
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!