Ақмола облысының сыртқы сауда айналымы
27.04.2023
Ақмола облысының сыртқы сауда айналымы: 1,49 млрд АҚШ доллары (2022 жыл) Экспорт: 629 млн АҚШ доллары (тауар айналымында 42%). Тауарлар экспорты бойынша облыс ҚР өңірлері арасында Қызылорда облысынан кейін Алматы облысы мен Абай облысынан озып, 14-ші орында тұр. Экспорт құрылымы: 65% – шикізат, 30% – жартылай фабрикаттар, 5% –дайын тауарлар. Экспорттық тауарлар: бидай (36%), мойынтіректер (17%), зығыр, рапс, күнбағыс тұқымдары (15%), ұн (6%), бұршақ дақылдары (4%), арпа (3%), сирек металдар кендері (2%). Сондай-ақ, аймақтан күшті спирттік сусындар, қорғасын, қара металл радиаторлары, жұмыртқа, орау материалдары экспортталады. Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстаннан мойынтіректердің, сирек жер кендерінің, зығыр тұқымдарының, жасымық пен арақтың негізгі экспорттаушысы болып табылады. Тауарларды әртараптандыру: экспорты бар өнім саны:
Ақмола облысынан тауарлар қайда жіберіледі: Ресей (28%), Қытай (10%), Өзбекстан (24%), Ауғанстан (9%) және Иран (6%). Импорт: 858 миллион АҚШ доллары (тауар айналымында 58%). Тауарлар импорты бойынша өңір еліміз бойынша СҚО мен Түркістан облысынан озып, БҚО-дан кейінгі 12-ші орында тұр. Импорт құрылымы: 50% – дайын тауарлар, 44% – жартылай фабрикаттар, 6% – шикізат. Импортталатын тауарлар: ауыл шаруашылығына арналған машиналар (16%), жел энергетикалық қондырғылар (7%), химиялық заттар (11%), шасси (3%), бидай (3%). Импорттың тауарлық диверсификациясы: импорты бар тауарлардың саны:
Импорт қайдан келеді: Ресей (54%), Қытай (16%), Беларусь (7%), Германия (4%) және АҚШ (3%). Анықтама үшін: 2023 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың тауар айналымы 273,5 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 102,2 млн АҚШ доллары, импорт – 171,2 млн АҚШ доллары. 2023 жылы Ресей аймақ экспортының 26% және импортының 35% құрайды.
Қарау саны: 1689 |
|
|