Қазақстандағы «Brain Drain»: статистика не дейді?

11.05.2023

Елімізде 2012 жылдан бері көшіп кетушілердің саны көшіп келушілердің санынан басым болып келе жатқандығы белгілі.

Білім деңгейі бойынша 15 жастан асқан халықтың көші-қоны туралы статистикалық дерекке сүйенсек, 2018-2019 жылдары көшіп кетушілердің басымдығы 20 мың шамасында, 2020-2021 жылдары 12-13 мың шамасында, тек 2022 жылы ғана басымдық 1 143 адамды құрады.

Соның ішінде 2018-2019 жылдары 10 мыңнан, 2020-2021 жылдары 6 мыңнан, 2022 жылы 2 мыңнан астам жоғары білімділерден айырылыппыз. Кәсіптік орта білімі барлар арасында да елімізден кетушілер елімізден келушілерге  қарағанда басымырақ. 2022 жылы елімізге келушілердің басымдығы тек жалпы орта және жалпы негізгі білімі барлар арасында ғана байқалады.


Ескеретін бір жәйт, көшіп келушілердің де, көшіп кетушілердің де ішінде білім деңгейі бойынша құрамы шамалас. Жоғары білімі барлардың жыл сайынғы үлесі шамамен 30-40% аралығында, ал жалпы негізгі (9 сынып) білімі барлардың үлесі – 12-14%. Бұл білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мобильділік жоғары болады дегенді де білдіреді.




Қарау саны: 1605
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!