Еліміздің моноқалаларындағы инфрақұрылым жағдайы
11.05.2023
Бүгін Экономикалық зерттеулер институтында еліміздің моноқалаларындағы инфрақұрылым жағдайын талқылау бойынша ашық диалог өтті. Талқылауға бірқатар моноқалалардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, талқылауға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, оның ішінде:
Өткен қыста Екібастұз және Риддер қалаларында жылумен жабдықтауды қамтамасыз етудегі технологиялық проблемалар аясында коммуналдық инфрақұрылымның өзектілігі артты. Жиын барысында Екібастұз қаласында жөндеу жұмыстарының барысы туралы қала әкімі Аян Бейсекин егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөзінше өткен жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін ұзындығы 50 шақырымды құрайтын жылу желілері жөнделді (шамамен 60 км), бұл қазірдің өзінде қаладағы жылу желілерінің барлық ұзындығының 10%-тен астамын құрайды (422 км). Айта кету керек, Екібастұз қаласы жылу беру маусымына жылу желілерінің тозу көрсеткіші – 90 процент көрсеткішпен кірген (бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша). Екібастұз қаласынынан барлық моноқалаларға әр қалада жылу аудитін жүргізуге көбірек көңіл бөлу қажеттігі туралы ұсыныс жасалды. Спикерлер үйлерді жаңа жылу жүйесіне дайындауға әсер ететін мәселелерді шешуге халықтың қатысуына ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің өкілі бюджеттен және бюджеттен тыс көздерден тиісті қаржыландыру есебінен моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеуі облыстағы инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті. Мәселен, қазіргі уақытта Алтай, Арқалық, Балқаш, Жаңатас, Жітіқара, Қаратау, Лисаковск, Риддер, Серебрянск, Степногорск сияқты моноқалаларды дамытудың 10 кешенді жоспары бекітілу сатысында. Сондай-ақ, моно және шағын қалалардың инфрақұрылымын жаңғыртуға жыл сайынғы қаржыландыруды ұлғайту мәселесі пысықталуда (қазір жыл сайын шамамен 10 млрд.теңге бөлінеді, бұл бар қажеттіліктерді өтемейді). Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі ең бастысы-тұтынушылардың, халықтың мүдделері екенін атап өтті, осыған байланысты «инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясаты шеңберінде коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың инвестициялық жоспарларына күшейтілген бақылау жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілі қазір барлық өңірлер өздерінің коммуналдық шаруашылығына техникалық тексеру жүргізіп жатқанын атап өтті. Бұл ретте желілерінің тозуы 75%-тен асатын қалалар бюджеттік қаржыландырумен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Экономикалық зерттеулер институтының климаттың өзгеруі орталығының директоры Айдын Бақдолотов жақында ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілгенін атап өтті. Осыған байланысты, көмір өндіру, электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдалану бөлігінде көмір өнеркәсібіне тікелей тәуелді Екібастұз қаласы өз көзқарасын қалыптастырып, көмірді пайдаланудың төмендеуіне байланысты болашақ сын-тегеуріндерге бейімделу үшін қаланың қандай стратегиялық қадамдар жасау керектігін анықтауы қажет.
Қарау саны: 1688 |
|
|