17 мамыр күні Экономикалық зерттеулер институтында «Қазақстанның сын-қатерлері: урбанизация» тақырыбында Ашық диалог өтеді.
Диалогтың мақсаты – елдегі және әлемдегі демографиялық тенденцияларды, Қазақстандағы урбанизацияның ерекшеліктерін, оның еліміздің қала және ауылдық аймақтары үшін әлеуметтік-экономикалық салдарын талқылау.
Диалогқа қатысушылар - сарапшылық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері.
Байланыс үшін – Шынар Төлешова, 87018446231, Sh.Tuleshova@eri.kz
Институт осы жыл ішінде урбанизация, көші-қон, және қартаю сияқты жаһандық демографиялық сын-қатерлердің ерекшеліктері мен ықтимал салдары туралы бірқатар талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.