Институт қызметкері вашингтон қаласында халықаралық көшбасшылар бағдарламасына қатысты

17.05.2023

Институт қызметкері Балтабай Сыздықов АҚШ Мемлекеттік департаментінің төмен көміртекті даму және климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық көшбасшылар бағдарламасына қатысты.


Вашингтон қаласында өтіп жатқан бірінші кезеңде келесі кездесулер өткізілді:
  • Джордж Мейсон университетінің өкілдерімен (саясаттану және мемлекеттік саясат), онда АҚШ-тағы Мемлекеттік басқару жүйесі және тиісті шешім қабылдау процесі, соның ішінде митигация және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері талқыланды;
  • «Жасыл» даму саласындағы заңнама мен саясатты қалыптастыруға бағытталған ұлттық және өңірлік әлеуетті арттыру бағдарламаларының мәселелері талқыланған Климаттық стратегиялар орталығымен;
  • АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар аясындағы экологиялық мәселелер, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қатысты АҚШ-тың халықаралық саясаты мен бастамалары бар АҚШ Мемлекеттік департаментімен;
  • АҚШ-тың жаһандық өзгерістерді зерттеу бағдарламасымен, онда ведомствоаралық ынтымақтастық арқылы қоршаған ортаның өзгеруін басқару мәселелері талқыланды;
  • Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруін шешу үшін саясаттарды, ережелерді және ынтымақтастық шарттарын талқылайтын АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау агенттігімен.

Кездесулер барысында Қазақстанда климатты зерттеудің бірлескен жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері, климат өзгеруінің елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсерін модельдеу және бағалау бойынша тәжірибе алмасу мәселелері де талқыланды. 


Шешім қабылдайтын тұлғаларға арналған тренингтер мен семинарлар өткізу үшін Қазақстанға төмен көміртекті даму бойынша бірқатар жоғары білікті сарапшылар шақырылды.

Келесі кезең аймақтық деңгейде (штаттарда) шешім қабылдайтын сарапшылармен өзара жұмыс жасау болады.



Қарау саны: 1625
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!