17 мамырда Экономикалық зерттеулер институтында еліміздің бес өңірінде түрлі инфрақұрылымдық және білім беру жобаларын жүзеге асыруда табысты тәжірибе жинақтаған «Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Ауылдық аумақтарды орнықты дамыту қорының тәжірибесін ескере отырып, аудандық деңгейде орнықты даму стратегияларын әзірлеуді әдіснамалық сүйемелдеу және ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту бойынша табысты өңірлік кейстерді енгізу бөлігінде бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланды.
Айта кету керек, бұл шара Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасында көзделген.
Бірлескен іс-шаралар жоспары тәжірибені ел аймақтарына көшіруге, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға және жергілікті мәселелерді шешуге жергілікті халықты тартуға мүмкіндік береді.