«Климаттың өзгеруі және дамуы» климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі Орталық Азия конференциясы
19.05.2023
16 мамырда Душанбе қаласында (Тәжікстан) «Климаттың өзгеруі және дамуы» атты Бесінші Орта Азия конференциясы (бұдан әрі – КӨОАК-2023) өтті. Бұл конференция Париж келісімін іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды келісуге және өңірдегі климаттың өзгеруін болдырмау шараларын талқылауға бағытталған. КӨОАК-2023 жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми институттардың, академиялық топтардың, азаматтық қоғамның өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан жастары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Экономикалық зерттеулер институты атынан конференцияға Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов және Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Хамбар Бақытгүл қатысты. Конференцияның мақсаты Орталық Азия елдерінің Париж келісімінің климаттық міндеттемелерін орындаудағы проблемаларды зерделеу, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру және өңірдің экологиялық, су, энергетикалық және азық-түлік ресурстарының тұрақтылығын арттыру болып табылады. Конференция келесі бағыттар бойынша өтеді:
Спикерлер Орталық Азия елдерінің климаттық міндеттемелерін орындаудағы ілгерілеушілік, сын-қатерлер мен олқылықтар, ұлттық және жергілікті деңгейлерде салалық стратегияларды іске асырудың басқару және қаржылық тетіктері, сондай-ақ өңірлік үйлестіру мен ынтымақтастық үшін қолжетімді платформалар туралы айтып берді. Ұлттық үкіметтердің өкілдері мен халықаралық даму серіктестері өзгермелі климат жағдайында су, энергетика, азық-түлік және экологиялық ресурстардың (WEFE) тұрақтылығын арттырудың қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы пікір алмасады. Конференция спикерлері климаттың өзгеруі табиғи апаттардың жойқын күшін арттырып жатқанын және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына жету үшін елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қабылдау маңыздылығы. Дүниежүзілік Банктің есептеулеріне сәйкес, климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары нәтижесінде ЖІӨ өсімі 2-5% құрайды. Осыған байланысты конференцияға қатысушылар климаттық қаржыландыру үшін қажетті ресурстардың көлемін анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Климаттық сын-қатерлерді шешу және климаттың өзгеруіне бейімделу тек өңірлік ынтымақтастық арқылы мүмкін болады. Сондықтан бұл конференция ұлттық климаттық басымдықтар мен климаттық қаржыландыру бойынша ынтымақтастық және іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша өңірлік диалогты ілгерілету және кеңейту үшін платформа ретінде қызмет етеді.
Қарау саны: 1838 |
|
|