Институт Екібастұз қаласында көмірді пайдалануды қысқарту бойынша тәуекелдер мен артықшылықтар тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

26.05.2023

Экономикалық зерттеулер институты БҰҰДБ және БҰҰ-ның PAGE бағдарламасымен бірлесіп «Үкіметтің реформалық бастамаларын дағдарыстан кейінгі қолдау» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы №121 Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруды қолдау үшін зерттеу жүргізуде.


Бұл зерттеудің мақсаты - әлеуметтік-экономикалық аспектілер тұрғысынан ҚР-да декарбонизациялау процесінде көмірді пайдалануды қысқартудың тәуекелдері мен артықшылықтарын талдау, «Әділ көшу жөніндегі іс-қимыл жоспарын» әзірлеу, «2030 жол картасы» көмірден шығу жөніндегі орта мерзімді жоспардың ұсынымдарын әзірлеу.


Берілген  жоба аясында 2023 жылдың 24 мамырында Екібастұз қаласында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде зерттеу нәтижелері таныстырылып, талқыланды. 
    
Дөңгелек үстелдің қатысушылары Екібастұз қаласының әкімі бастаған Екібастұз қаласы әкімдігінің, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Б. Нұржанов ат. ГРЭС-1» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, «Майқайыңалтын» ЖШС, «Қуат басқармасы» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ, Торайғыров университетінің, Ертіс технологиялық паркінің  өкілдері секілді және т. б. мүдделі тараптар болды.

Жүргізілген зерттеулер бойынша пікірлер тыңдалып, жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» көмір кенішіне барды.
«Богатырь Көмір» ЖШС - Қазақстандағы ең ірі, ашық тәсілмен көмір шығару бойынша қарқынды дамып келе жатқан компания. Компания үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде шығарылатын барлық көмірдің жалпы көлемінің  70%-і тиесілі.

Богатырь Көмір Қазақстанда да, Ресейде де нарықтық жағдайларда орналасқан Самұрық-Энерго компаниялар тобының және үшінші тараптардың электр станцияларына көмір жеткізеді. Богатырь Көмір көмір кеніштері Екібастұз ГРЭС-1-ден 35 км және Екібастұз ГРЭС-2-ден 53 км қашықтықта орналасқан (теміржол қашықтығы). Қазақстандағы көмір электр станцияларының басым бөлігі Богатырь Көмір шығаратын көмірді пайдаланады.


«Богатырь Көмір» ЖШС өкілі өндіріс бойынша экскурсия өткізіп, түрлі қызықты ақпаратпен бөлісті.


Қарау саны: 1812
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!