Қазақстан IMD-2023 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 37 орынға ие болды
20.06.2023
2023 жылғы 20 маусымда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2023 жылғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. IMD рейтингі келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады: «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». 2023 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Алғаш рет Кувейт қосылды. Рейтингте жетекші орынға Дания ие. Даниядан кейін топ-5 елдің қатарына Ирландия, Швейцария, Сингапур және Нидерланды кіреді. 2023 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда 6 тармаққа көтеріліп, 66,11 балл нәтижесімен 37-орынға ие болды. Қазақстан Кувейт (38-орын), Португалия (39-орын) және Үндістан (40-орын) сияқты елдерден озып тұр. Ағымдағы жылы барлық факторлар бөлінісінде ел позициясының жақсарғаны байқалады және тек «Инфрақұрылым» факторы бойынша нашарлау байқалады (46-дан 47-орынға дейін төмендеу). «Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан 1 позицияға көтеріліп, 57-орынға ие болды. Жақсарту келесі қосалқы факторлар бойынша позициялардың айтарлықтай жоғарылауымен түсіндіріледі:
«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 2 тармаққа көтеріліп, 23-орынға ие болды. Жақсарту 3 қосалқы фактор бөлінісінде ел позицияларының артуымен түсіндіріледі:
«Бизнестің тиімділігі» факторы шеңберінде қосалқы факторлар бойынша жағдайдың жақсаруына байланысты елдің позициясының 1 тармаққа 31 орынға дейін көтерілуі байқалады:
Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым тартымды 5 факторының қатарына мыналар жатады: қолайлы бизнес-орта (респонденттердің 56,9%), экономиканың серпінділігі (52,0%), қаржыландыруға қолжетімділік (43,5%), бәсекеге қабілетті салық салу жүйесі (42,7%), саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%). Анықтамалық: Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасында 257 көрсеткіш бар, оның 2/3 – і статистикалық деректер негізінде, 1/3-і сауалнама деректері бойынша есептеледі.
Қарау саны: 1792 |
|
|