Қазақстан Жаһандық гендерлік айырмашылық индексінде
23.06.2023
2023 жылдың 20 маусымында Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жыныстар теңдігі туралы жыл сайынғы есебі – Жаһандық гендерлік айырмашылық туралы баяндамасы (GlobalGenderGapReport 2023) жарияланды. Индекс елдердегі гендерлік айырмашылық деңгейін 4 негізгі бағыттағы 14 түрлі айнымалылар бойынша өлшейді (субиндекс): • Экономикалық қатысу және мансаптық мүмкіндіктер; • Білім; • Денсаулық және өмір сүру; • Саяси құқықтар мен мүмкіндіктер. Ағымдағы зерттеу әлемнің 146 елін қамтиды. Баяндамаға сәйкес Қазақстан өз орнын 2021 және 2022 жылдармен салыстырғанда тиісінше 18 және 3 тармаққа жақсартып, рейтингте 62 орынға ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан гендерлік тепе-теңдіктің 72,1%-не жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 0,2 проценттік тармаққа жоғары. Зерттеу нәтижелері елдің рейтингтегі орнын жақсаруына негізінен екі субиндекстегі өзгерістер әсер еткенін көрсетеді: «Экономикалық қатысу және мансаптық мүмкіндіктер» және «Саяси құқықтар мен мүмкіндіктер» (1-сурет). «Экономикалық қатысу және мансаптық мүмкіндіктер» субфакторында Қазақстан 29-дан 28-орыннан 1 орынға көтерілді, ал теңдік көрсеткіші 75,6%-тен 76,5%-ке дейін өсті. «Саяси құқықтар мен мүмкіндіктер» субиндексі «Министрлік лауазымдардағы әйелдер, %» индикаторының шамалы өсуі есебінен елдің жалпы индексін жақсартуға өз үлесін қосты. Қазақстан берілген индикатор бойынша 123 орыннан 120 орынға көшті, ал көрсеткіш деңгейі 1,3 пайыздық тармаққа 10,5%-тен 11,8%-ке дейін көбейді. Қарастырылып отырған субиндекстің қалған екі индикаторында (парламенттегі әйелдер,%, мемлекет басшысындағы әйел/ер жылдары (соңғы 50)) ел орнының төмендеуі байқалды, бірақ индикаторлардың мәні өзгерген жоқ. Қазақстанда білім деңгейі бойынша бастауыш, орта және жоғары біліммен қамтуда толық тепе-теңдігі бар гендерлік айырмашылық іс жүзінде жойылды. Бұл ретте, берілген индикатор бойынша гендерлік тепе-теңдіктің 99,9%-не қол жеткізілгеніне қарамастан, біздің еліміз сауаттылық деңгей бойынша рейтингте 58-орында тұр. «Денсаулық және күн көріс» субиндексі екі көрсеткіштен тұрады – «Туылған кездегі жыныстық ара салмақ, %» және «Салауатты өмір күтілетін ұзақтық, жылдар». Берілген субиндекс бойынша Қазақстан гендерлік айырмашылық 97,5%-ін жойды, бұл 2022 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 0,2 проценттік тармаққа төмен. Қарастырылып отырған субиндекстің нашарлауы туылған кездегі жыныстық ара салмақтың өзгеруіне байланысты. Осы бағыттағы рейтингте 3 орын жоғалғанына қарамастан, Қазақстан гендерлік айырмашылықты толық жоюға жақын. «Салауатты өмір күтілетін ұзақтық» көрсеткіші бойынша Қазақстан жыл сайын өз орнын сақтайды (1-орын) және жетекші елдердің үлкен тобының арасында орналасады. Қазақстанның еларалық рейтингтегі орны негізінен елеулі ауытқуларға ұшырағанына қарамастан, соңғы жылдары жалпы индекс көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ. 2012-2023 жылдар аралығында Қазақстанның гендерлік айырмашылық индексі 0,710-0,722 балл (немесе 71,0-72,2%) аралығында өзгерді. Тиісінше, рейтингтегі Қазақстан орнына тек өз көрсеткіштері ғана емес, сондай-ақ берілген зерттеуге қосылған басқа елдердегі гендерлік алшақтықтағы өзгерістер де әсер етеді. Кейбір көрсеткіштердегі көптеген елдер арасындағы айырмашылық (мысалы, туылған кездегі жыныстық ара салмақ) үлкен емес және де олардағы шамалы ауытқулар елдің ұстанымына айтарлықтай әсер ету мүмкін. Осылайша, гендерлік даму саласындағы проблемаларды шешуге тұрақты және жүйелі тәсіл қажет деп санаймыз. Мұндай тәсіл елдегі гендерлік айырмашылықты жоюды жеделдетуге және Қазақстанның гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингтеріндегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді. Баяндамаға сәйкес жаһандық ауқымда гендерлік тепе-теңдікке дейінгі орташа жүріп өткен қашықтық 68,4% құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 0,3 проценттік тармаққа жоғары (68,1%). Ағымдағы үрдісті сақтау кезінде бүкіл әлем бойынша гендерлік айырмашылықты (31,6%) асып өту үшін 131 жыл қажет болады. 2023 жылы Жаһандық гендерлік айырмашылық рейтингісінің үздік 10 еліне Исландия, Норвегия, Финляндия, Жаңа Зеландия, Швеция, Германия, Никарагуа, Намибия, Литва және Бельгия кірді. Ешбір ел әлі толық гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізген жоқ, бірақ топ-10-дағы алғашқы тоғыз ел 80% белгісіне қол жеткізе алды (2-сурет). Әлем елдерінің рейтингінде Исландия 14-ші рет (2009 жылдан бастап) 1-ші орында (0,912 балл) және гендерлік айырмашылықтың 91,2%-ін жойған әлемдегі ең тең құқықты ел болып табылады, сол уақытта ең төменгі рейтингісі бар ел (Ауғанстан) небәрі 40,5% асты. Посткеңестік кеңістікте Литвадан басқа рейтингтегі ең жоғары орындарды Латвия (13-орын, 79,4%), Молдова (19-орын, 78,8%) және Эстония (22-орын, 78,2%) алады. Ең төменгі орындар Әзірбайжан (97-орын, 69,2%) мен Тәжікстанда (111-орын, 67,2%) байқалады. Ресей (2022 жылдан бастап), Өзбекстан және Түрікменстан берілген рейтингте көрсетілмеген (1-кесте). 2023 жылы посткеңестік елдер арасындағы 2022 жылмен салыстырғанда рейтингте Эстония (30 орынға өсу, 52-ден 22-орынға), Армения (28 орынға), Украина (15 орынға) және Латвия (13 орынға) айтарлықтай өрлеу көрсетті. Грузияның орны, керісінше, 21 тармаққа түсті (55-тен 76-орынға). Рейтингте көрсетілген барлық 146 елдің ішінде Либерия ең жылдам өсуді көрсетті (39 орынға жақсаруы, 78–ден 39-орынға), ал айтарлықтай төмендеу - Шығыс Тимор (39 орынға нашарлауы, 56-дан 95-орынға).
Қарау саны: 1690 |
|
|