Қазақстан «Тұрақты даму мақсаттары бойынша прогресс индексі – 2023» рейтингінде
26.06.2023
2023 жылғы 21 маусымда БҰҰ-ның Тұрақты даму жөнінде баяндама жарияланды. Баяндамада әлемнің 166 елінің Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізулері ұсынылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мүмкін 100-ден 71,6 балл жинап, 166 елдің ішінен 66-орын алды. Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда балдық жүйе бойынша өз көрсеткіштерін жақсартты (2022 жылы-71,1 балл). Алайда, ағымдағы жылы рейтингтегі өз орнын өткен жылмен салыстырғанда 1 орынға нашарлатты (2022 жыл – 65 орын). 2023 жылғы Тұрақты даму жөніндегі жаһандық есептің деректеріне сәйкес, кедейлікті жою мәселелері бойынша жақсару үрдісі байқалады. Сондай-ақ, келесі мақсаттар бойынша ұлттық индикаторларға қол жеткізуде жақсару байқалады:
Жекелеген индикаторларды жақсартудың оң динамикасына қарамастан, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау, сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету, қалалардың экологиялық тұрақтылығы, ұтымды тұтыну және өндіріс жөніндегі ұлттық міндеттерді іске асыру кезінде елеулі проблемалар сақталуда. Табиғи ресурстарды тұтыну мен тиімді игеруді бағалау үшін 2012-2018 жылдардағы деректер пайдаланылғанын атап өткен жөн. Берілген факт халықаралық рейтинг нәтижелеріне әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Қорытындылай келе, Қазақстан рейтингте, мысалы Түркия (72 орын), Малайзия (78 орын), БАӘ (79 орын), Мексика (80 орын) сияқты елдерден озып тұрғанын атап өткен жөн. Орталық Азия елдері арасында Қырғызстан 45-орынға, одан кейін Өзбекстан (69-орын), Тәжікстан (85-орын), Түрікменстан (91-орын) иеленді. Бес көшбасшыға Финляндия (1 орын - 86,8 балл), Швеция (2 орын - 86,0 балл), Дания (3 орын - 85,7 балл), Германия (4 орын - 83,4 балл), Австрия (5 орын - 82,3 балл) сияқты елдер кіреді. Посткеңестік кеңістік елдерінің арасында Эстония (10 орын), Латвия (14 орын), Беларусь (34 орын), Украина (38 орын), Ресей (49 орын) көшбасшылар болып табылады. Анықтама: Тұрақты даму туралы есеп елдердің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресі жаһандық бағалауды білдіреді. Тұрақты даму туралы есептің мақсаты – бұл елдерге олардың даму басымдықтарын анықтауға көмектесетін ұлттық индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ұсыну. Толығырақ рейтинг нәтижелерімен - https://dashboards.sdgindex.org/rankings сілтемесі бойынша ресми сайтта танысуға болады
Қарау саны: 1948 |
|
|