«Рейтингтер не дейді?»
26.06.2023
Баға тақырыбын жалғастыра отырып, біз бұл жолы бензиннің құнына назар аударамыз. "Бензин бағасы" көрсеткіші IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде қаралады. Көрсеткіштің көзі Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері және Ұлттық статистика деректері болып табылады. Анықтама:
Осылайша, IMD 2023 рейтингінде ел литріне 0,48 АҚШ долларын құрайтын 2-орынды иеленді, Кувейттен кейін екінші орында тұр, мұнда литріне 0,34 АҚШ долларын құрады. Арзан бензині бар бес елдің қатарына Малайзия (0,48 доллар), Катар (0,49 доллар) және Венесуэла (0,50 доллар) кіреді. Ең қымбат бензин Нидерландыда, оның литрінің бағасы 2,02 долларды құрайды, одан кейін Исландия (1,95 доллар), Финляндия (1,86 доллар), Дания (1,84 доллар) және Греция (1,83 доллар) тұр. IMD 2023 рейтингі 2021 жылғы деректерді пайдаланады. ҚР БЖС деректері бойынша 2023 жылғы мамырда республика бойынша АИ-95 және АИ-96 маркалы бензиннің бағасы литріне 221 теңгені құрады. Бұл ретте Петропавл қаласында ең қымбат бензин (226 теңге), ең арзаны – Атырау қаласында (209 теңге). Статистика көрсеткендей, негізінен бай елдердің бензин бағасы кедейлерге немесе мұнай экспорттайтын елдерге қарағанда жоғары. Сонымен қатар, әртүрлі елдердегі баға айырмашылығы мемлекеттік реттеуге де байланысты (салықтардың мөлшері, субсидиялау тетігінің болуы және т.б.). Қазақстанда әлеуметтік шиеленістің туындау қаупіне байланысты мәселенің "сезімталдығын" ескере отырып, бензин бағасын реттеу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, ағымдағы жылдың басында тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды. Дегенмен, бұл шара көлеңкелі нарықтың дамуына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленді. Бұл ретте өткен жылдан бастап Аи-95 маркалы бензиннің бағасы реттелмейді, өйткені Аи-95 және одан жоғары өндірісте қымбат импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің көп шығыны талап етіледі. Неліктен бензин бағасының арзандығына қарамастан, бұл халықтың "триггер нүктесі" болып табылады? Бұл, ең алдымен, халықтың табысының төмендігімен байланысты. Яғни, егер Қазақстандағы бензиннің құнын халықтың табысымен салыстыратын болсақ, онда бензиннің бағасы басқа елдермен салыстырғанда қымбат. Мысалы, Катардағы орташа айлық «таза» жалақы (3 944,36 АҚШ доллары) Қазақстандағыдан (546,22 АҚШ доллары) 7,2 есе жоғары. Сонымен қатар, Катарда бензин бағасы 19,2%-ға ғана қымбат. Мұнайдың ірі экспорттаушысы Сауд Арабиясында бензиннің бағасы қазақстандыққа қарағанда 28,3% - ға қымбат, бұл ретте халықтың жалақысы – 3,7 есе жоғары. Осыған байланысты, халық үшін бензиннің құны өте қымбат деп айтуға болады. Сонымен қатар, бензин бағасының өсуі өмірдің басқа салаларындағы бағаның өсуіне де әсер ететіні белгілі (азық-түлік бағасы, жол жүру және т. б.) Осылайша мемлекет «екі оттың» арасындақалды, бір жағынан бағаның өсуіне қарсы тұратын табысы төмен халық, екінші жағынан тозығы жеткен өндіріс, бағаны көтеруді талап ететін бизнес.
Қарау саны: 1455 |
|
|