2023 жылғы маусым айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

05.07.2023

Елдегі тұтынушылық инфляция төртін ай қатарынан төмендеуін жалғастырды және 2022 жылдың маусымын айынан бастап ең төменгі деңгейде орналасқан.

2023 жылдың маусым айында елдегі инфляция құрады:
  • 14,6% өткен жылдың маусым айына қатысты (мамыр айында15,9%); 
  • 0,5% ағымдағы жылдың мамыр айына қатысты (мамыр айында 0,6%). 

Жылдық мәнде бағалар:
  • азық-түлік тауарларға 14,6%-ке көтерілді (а.ж. мамыр айына 0,2%);
  • азық-түлік емес тауарларға 15,8%-ке (0,7%); 
  • ақылы қызметтер 13,3%-ке қымбаттады (0,6%). 

Инфляция динамикасына негізгі үлесті дәстүрлі түрде азық–түлік тауарлары қосады - 41,8% (яғни, жалпы инфляцияның 14,6%-нен 6,1%-і азық-түлік тауарларына тиесілі).

Алайда, өткен жылдың сәуірі мен мамыр айларымен салыстырғанда, азық-түлік тауарларының үлесі ең жоғары болған кезде, олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 13 п.т.-қа 55%-тен 42%-ке дейін төмендеді. А.ж. ақпан айынан бастап төмендеу 9,6 п.т. құрады.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі ақпан айында 28,5%-тен 32%-ке дейін өсті және 2020 жылдан бастап ең жоғары деңгейде болуды жалғастыруда.

Ақылы қызметтер үлесіне 26,1% инфляция құрайды, бұл да соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.


Азық-түлік тауарларының арасында ең көп қымбаттауы байқалады:
  • күріш – 47,6%-ке (мамыр айында 44,9%);
  • қияр – 33,4%-ке (мамыр айында 53,4%);
  • кесек-қант – 32,2%-ке (мамыр айында 42,7%); 
  • сұлы жармасы – 24,3%-ке (мамыр айында 26,9%);
  • макарон өнімдері – 24,1%-ке (мамыр айында 27,7%);
  • нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер – 24%-ке (мамыр айында 27,4%);
  • қаймақ – 23%-ке (мамыр айында 24,3%);
  • пастерленген сүт – 21,6%-ке (мамыр айында 23,2%);
  • алкогольсіз сусын – 19,4%-ке (мамыр айында 21,1%); 
  • басты пияз – 18,7%-ке (мамыр айында 31,9%);
  • ет және ет өнімдері –12,4%-ке (мамыр айында 13%).

Бағаның жылдық төмендеуі қырыққабатқа (-13,8%), құмшекерге - 11,5%-ке, сәбізге – 9,5%-ке, картопқа – 9,1%-ке тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең көп өсуі кеңсе тауарларына – 67,7%–ке, жуу және тазалау құралдарына – 36,2%, жеке пайдалану тауарларына – 24,6%, жиһаз бен ұй-керек жарақтарға – 20,3%-ке, ыдыс-аяққа - 18%-ке, киім мен аяқ-киімге - 15,7%-ке, құрылыс материалдарына - 13,5%-ке келді. Дизель отыны 36,1%-ке (мамыр айында 35,8%), ал бензин - 12%-ке (мамыр айында 11,5%) өсімін көрсетті.

Ақылы қызметтер саласында кешенді демалысты ұйымдастыруға бағалар 24,3%–ке, шипажай қызметтері – 20%– ке, демалыс және спорттық іс–шаралар саласында – 16,9%–ке, қоғамдық тамақтандыру - 16,6%-ке, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері - 15,1%-ке, денсаулық сақтау - 14,8%-ке, білім беру - 14%-ке, қонақ үйлер - 12,6%-ке өсті. Теміржол жолаушылар көлігі қызметі 26,5%–ке, әуе көлігі 22%-ке қымбаттады.

Қоқыс шығару тарифі 31%–ке, тұрғын үйді күтіп ұстау үшін төлем 21,4%–ке, электр энергиясы -  8,6%–ке, ыстық су  - 5,3%-ке өсті. Тұрғын үйді жалға алу бағасының өсуі баяулауды жалғастырды және 25,4% құрды (мамыр айында 25,7%).




Қарау саны: 1431
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!