2023 жылғы 1-тоқсандағы тікелей шетелдік инвестициялар туралы

18.07.2023

1. ТШИ жалпы ағыны 7,6 млрд.АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылдың 1-тоқсанындағы қорытындыдан 694 млн. АҚШ долларына артық. Бұл ретте, осы өсімнің 76% - і ТШИ-ды өңдеу секторына және көтерме, бөлшек саудасына қамтамасыз етті

2. Салалар бөлінісінде ТШИ жалпы ағынындағы ең үлкен үлесті тау–кен өнеркәсібі алады - 46% немесе 3,5 млрд. АҚШ долл. Оның ішінде 2,8 млрд. АҚШ доллары немесе ТШИ жалпы көлемінің 36%-і шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге бағытталған.

Инвестиция көлемі бойынша топ салаларға өңдеу өнеркәсібі де кіреді(1,6 млрд. АҚШ долл. немесе 22%), сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда (1,2 млрд. АҚШ долл. немесе 16%).

ТШИ жалпы ағынындағы ең аз үлесті ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы алады (2,5 млн. АҚШ долл.немесе ТШИ жалпы көлемінің 0,03%), сумен жабдықтау саласы (7,9 млн. АҚШ доллары немесе ТШИ жалпы көлемінің 0,1%).

3. Барлық ТШИ жартысын (3,9 млрд.АҚШ доллары немесе 51%) 3-ші елдер – Нидерланды (1,6 млрд.), АҚШ (1,4 млрд.), Швейцария (0,9 млрд.) жүзеге асырды.

4. Барлық ТШИ шамамен 60%–і (4,7 млрд.АҚШ доллары) 2 өңірге - Атырау облысына (2,4 млрд.), Алматы қ. (2,3 млрд.) тиесілі болды.

Бұл ретте, егер Атырау облысында ТШИ негізгі көлемі тау–кен өндіру секторына (облыстың ТШИ жалпы көлемінің 92%), онда Алматы қ. - көтерме және бөлшек саудаға (қаланың ТШИ жалпы көлемінің 49%) бағытталған.


Қарау саны: 1590
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!