ERI сарапшылары Тбилиси қаласында өткен семинар-тренингке қатысты
19.07.2023
Экономикалық зерттеулер институты сарапшылары Сыздықов Балтабай мен Окушева Айша Грузияның Тбилиси қаласында 11-14 шілде аралығында өткен Орталық және Батыс Азия өңірлері үшін климаттың өзгеруі саласындағы әлеуетті арттыру бойынша семинар-тренингке қатысты. Тренингтің мақсаты – жеке секторды қаржыландыруды жұмылдыруды қоса алғанда, климаттық қаржыландыру көздерін анықтау және бағалау саласындағы білім мен мүмкіндіктерді кеңейту. Аталған тренинг Азия Даму Банкінің техникалық қолдауымен Ұлттық экономика, Қаржы, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің сарапшылары үшін ұйымдастырылды. Іс-шараға 9 елдің өкілдері қатысты: Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан. Білім беру модульдерінің мазмұны келесі тақырыптарды қамтыды:
Семинар-тренинг интерактивті дәрістер мен практикалық сабақтар форматында өтті. Қатысушылар тәжірибеден нақты мысалдарды талқылауға, тәжірибе алмасуға және климаттың өзгеруі туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Жақын арада климаттың өзгеруінің әсері артады және әлемнің барлық елдерінің үкіметтері тарапынан шешуші іс-қимылды талап етеді деп күтілуде. Митигацияға немесе климаттың өзгеруіне бейімделуге байланысты кез-келген әрекет ел ішінде де, халықаралық деңгейде де айтарлықтай қаржылық ресурстарды тартуды талап етеді. Жаһандық бейімделу комиссиясының бағалауы бойынша 1,8 трлн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция ерте ескерту жүйелері, климатқа төзімді инфрақұрылым құру, құрғақ жерлерде дақылдарды өндіруді жақсарту, ормандарды қорғау және тұрақты су ресурстарын қамтамасыз ету сияқты салаларда жалпы таза пайда ретінде 2030 жылға дейін 7,1 трлн. АҚШ долларын қамтамасыз ете алады. Орталық Азия елдері үшін қазір климаттың өзгеруіне бейімделумен айналысу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша қатаң шаралар қабылдау өте маңызды. Сарапшылардың пікірінше, егер 2030 жылға қарай жаһандық шығарындыларды екі есе азайтып, ғасырдың ортасына қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізуге болатын болса, онда планетадағы температураның өсуін тоқтатуға болады. Климаттың өзгеру процесіне араласпаған жағдайда, Қазақстанға азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуі, халықтың климаты қолайсыз өңірлерден неғұрлым қолайлы өңірлерге көшуі қауіп төндіреді. Климаттық жобаларды ілгерілету және іске асыру шеңберінде Азия даму банкінің әлеуетін пайдалану бойынша Орталық Азия елдері үшін мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.
Қарау саны: 1488 |
|
|