Стратегияларды әзірлеу мен іске асырудағы әдістер тұрғысынан Малайзияны табысдеңгейі жоғары елге айналдыру мақсатында инклюзивті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді ынталандыру үшін 2009 жылы қабылданған Малайзияның Ұлттық трансформация бағдарламасы (ҰТБ) үлкен қызығушылық тудырады. ҰТБ Ұлттық негізгі нәтижелер салалары (NKRA), Ұлттық негізгі экономикалық салалары (NKEA) және Стратегиялық реформа бастамаларына (SRI) негізделген.
Осы Ұлттық бағдарламаны іске асырудың табыстылығы туралы бағдарлама аяқталғаннан кейін қолжеткізілген келесі нәтижелер куәландырды:
- ҰТБ іске қосылған сәттен бастап жеке инвестициялардың 2,2 есеге өсуі; бағдарламаны іске асырғаннан кейінгі кезеңде жеке инвестициялардың үлесі ЖІӨ-нің 60%-тен асты
- Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы қамтамасыз етілді (бюджет тапшылығы 2009 жылғы 6,7%-пен салыстырғанда 2015 жылы 3,1% құрады)
- Ел орташа табыс тұзағынан құтылды. 2015 жылғы жағдай бойынша Малайзиядағы жан басына шаққандағы ЖҰК10010 АҚШ долларын құрады, бұл біртіндеп Дүниежүзілік Банктің жан басына шаққандағы белгіленген ЖҰК шегі 12476 АҚШ долларына жақындады.
- Инклюзивті әлеуметтік-экономикалық әсер. 2,26 млн.тұрақты жұмыс орны құрылды,
- 302946 аз қамтылған және көп табыс табуға мүмкіндіктер құру жолымен өте кедей адамдардың өмір сүру жағдайлары жақсарды. Ең төменгі жалақы саясатының арқасында 2,9млн. адам кедейліктен шыға алды. Ең төмен табысы бар үй шаруашылықтарының табысы үй шаруашылықтарының жалпы табысының өсуінен (10%) жылдам өсті (12,0%). Тікелей атаулы көмек бағдарламалары арқылы 7,28млн.аз қамтылған үй шаруашылықтары мен жеке тұлғалардың ауыртпалығы жеңілдеді. 6,6 млн. ауыл тұрғындары салынған 6042км ауылдық жолдар, 153821 үйлердің электр қуатына, 350094 таза суға қосылған үйлер сияқты игіліктерді пайдаланды.
Ұлттық стратегияларды іске асырудың табыстылығы туралы айта отырып, олардыәзірлеусапасы мәселесін елемеуге болмайды. Өйткені, дұрыс әзірленген құжат - оны қолдану кезеңіндегі табыстың 50% құрайды.
Мәселен, әлеуметтік және экономикалық салалардағыдай нәтижелерге қол жеткізуді жеделдету үшін Малайзия Үкіметі ҰТБ әзірлеу кезінде 8-қадамдық әдіснаманы қолданды.
Бұл тәсіл келесі маңызды кезеңдерді қамтыды:
- Дамудың стратегиялық бағытын анықтауға арналған стратегиялық семинар. Бұл алаңша шешім қабылдайтын тұлғаларды біріктіреді. Талқылау барысында негізгі басым бағыттары келісіледі.
- Не істеу керектігін егжей-тегжейлі талқылау үшін зертхананы ұйымдастыру. Зертхана осы жобаны іске асыруға мүдделі барлық тараптарды (ведомстволардың, бизнестің, инвесторлардың, халықтың, оның ішінде жобаны іске асыру кезінде мүдделеріне әсер етуі мүмкін нақты әлеуметтік топтардың өкілдерін) біріктіреді. Pemandu консалтингтік компаниясының басшысы Идрис Йалаөз сұхбатында атапөткендей, зертхана алты-сегіз апта жұмысістейді, оның барысында проблемаларды зерттеуге және бірлесіп талқылауға кірісуқажет. Зертханаға іске қосылған адамдар мемлекет бизнес пен халықты шешуге көмектесуді жоспарлап отырған мәселелерді дәл анықтау үшін осы апталарда күн сайын толық жұмыс күнінде сөйлесуі керек. «Зертхананың» әрбір ұсынысын халыққа көрсету, теледидар мен басқа да БАҚ арқылы таратып, қайырымдылық көмек алушыларға жеткізукерек.
- Ашық есік күндері. Бұл алаңша қоғамды алғашқы «зертханалық нәтижелермен» таныстыру және кері байланыс алу үшін құжаттың бірінші драфтын дайындағаннан кейін ұйымдастырылады. Әдетте, Ашық есік күндері бір апта ішінде планшеттер мен жабдықталған 10000 адамға дейін сыйымдылықпен үлкен холлдарда өтеді. Негізгі мақсаты –қоғамнан кері байланыс алу.
- Шаралар толық көрсетілген Жол картасын әзірлеу. Онда мерзімдер мен мақсаттары барлық мүдделі тараптар үшін бағдар ретінде қызмет ететін бағдарламаның іс-қимылдары, кезеңдері, жоба иелері мазмұндалған. Бұл көшбасшыларға енді өздерінің, көпшілікке ашық міндеттемелерін орындауға ынта береді.
- Мақсатты KPI - бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына мониторинг пен қадағалауға арналған KPI премьер-министрлерден, министрлерден және үкімет шенеуніктерінен белгіленеді және каскадталады. Дұрыс белгіленген KPI шешімқабылдайтын тұлғаларға өзгертілім жоспарының орындалу барысы туралы құнды ақпарат береді.
- Орындау-бағдарламаларды (жобаларды) ендіру орындарындағы проблемаларды шешу. Процесс апта сайын планшеттер мен смартфондарға қол жеткізуге болатын құралдар панелі арқылы қадағаланады.
- Қол жеткізілген нәтижені сыртқы тексеру, көбінесе орындарға шығумен. Бұл негізгі мүдделі тараптарға қол жеткізілген нәтижелер нақты және сыртқы деректермен расталғанына сенімділік береді.
Жылсайынғы есептер жыл бойы қол жеткізілген нәтижелерді құжаттауға арналған әдістемесінің соңғы қадамы болып табылады. Мерзімді есеп беру жауапкершілікті тудырады. Бұл есептің мақсаты – жоба шегінде қол жеткізген трансформациядағы прогресс туралы халық пен бизнесті хабардар ету.
Идрис Йала атап өткендей, 15 жылдан кейін қадағаланған трансформация бағдарламасының нәтижелері мемлекетпен байланысты компаниялардың ұжымдық нәтижелері жеке компанияларға қарағанда тіпті жақсырақ болғанын көрсетті.
Осылайша, бағдарламалар мен жобаларды іске асырылғаннан кейін біраз уақыттан кейін кезекті бағалау саясаттың тиімділігін арттырудың тағы бір тетігі болып табылады деп айтуғаболады.
Жакупова Шахарбану
э.ғ.д., бас ғылыми қызметкер