Алматы облысына инвестициялар

16.08.2023

2023 жылғы қаңтар-маусымда 267 млрд теңге немесе ҚР-да негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың 4%-ы Алматы облысына тиесілі болды.
 
Жалпы, Алматы облысына салынған негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) өсімі 119,4%-ды құрады, бұл – еліміздің аграрлық-индустриялық өңірлері арасында жоғары көрсеткіш. Мысалы, Қостанай облысына салынған капитал салымдарының өсімі – 118,9%, Ақмола өңіріне – 116,1%, Солтүстік Қазақстан облысына – 98,1%.
  

Өңірге 267 миллиардтаған инвестициядан:
  • 188,9 млрд немесе 70,7%-ды (облыстың НКИ жалпы көлемінен) шағын бизнес; 
  • 42,5 млрд теңге немесе 15,9 % – орта бизнес;
  • 35,7 млрд теңге немесе 13,4% – ірі бизнес инвестициялады.

25,8% (облыстың НКИ жалпы көлемінен) Іле ауданына (68,9 млрд), 24,1% Қарасай ауданына (64,4 млрд теңге) тиесілі. 

65,7% (175,5 млрд) өз қаражаты есебінен инвестицияланды. Қалған 91,5 млрд қарыз (53,9 млрд) және бюджет (37,6 млрд) қаражатына тиесілі. 

Салалық бөліністе облыс инвестицияларының жалпы көлемінен 24,6% немесе 65,6 млрд өнеркәсіпке жіберілді. Оның ішінде 31,6 млрд – өңдеу өнеркәсібіне, 20,5 млрд – тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға бағытталды.
 

Өңірдегі инвестициялар үшін үздік бағыттарға сондай-ақ мыналар кіреді:
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар (101,3 млрд);
  • көлік және қоймалау (41,5 млрд).  

Өңірдегі перспективалы инвестициялық жобалардың ішінен салат өсіру бойынша 1 га жылыжай кешенінің құрылысын (іске асырудың жоспарланған мерзімі 2024 жыл), ет өңдеу кешенінің құрылысын (2025 жыл), құс фабрикасының (2025 жылға қарай) және жеміс сақтау қоймасының құрылысын (2025 жылға жақын) атап өтеміз.

 


Қарау саны: 1249
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!