Парламент мүшелерімен кездесу

18.08.2023

17 тамызда Экономикалық зерттеулер институтының төрағасы Р. Сұлтановтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А. Әлназаровамен және ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі Ж. Ысқақовамен кездесуі өтті.
 

Қазіргі уақытта А. Әлназарова ханым ТДМ мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның хатшысы болып табылады. Ол ТДМ жұмыс комиссиясының алдағы жоспарлары туралы айтты.
 
Р. Сұлтанов Хатшылықтың тұрақты даму мақсаттары бойынша олардың іске асырылуын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтты.
 
Институт басқармасының төрағасы және ТДМ мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның хатшысы Парламент депутаттарын тарта отырып, елдің орнықты дамуының ұлттық міндеттерін іске асыруды ілгерілету жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.
 
Сонымен қатар, Парламент өкілдері Азия даму банкінің Халықаралық консультанты Рубина Деврикян ханыммен Қазақстанда гендерлік бағдарланған бюджеттеуді енгізу мүмкіндіктерін талқылады. 


Сараптамалық талқылау барысында еліміздегі гендерлік бюджетті енгізуге әсер ететін факторлар мен шешуді талап ететін мәселелертуралы айтылды. Мысалы, бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілерді өз қызметіне гендерлік тәсілдерді енгізу мәселелеріне үздіксіз оқыту мүмкіндігімен қамтамасыз етілуге тиіс. 

Ерлер мен әйелдер арасындағы кедергілерді жоюға көмектесетін барлық салаларда гендерлік талдау жүргізу өзекті болып қала береді.




Қарау саны: 1259
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!