ХВҚ жаһандық экономиканың өсу қарқынының болжамын жақсартты

23.08.2023

Экономикалық өсу
ХВҚ 2023 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 3%-ға дейін жақсартқан «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» атты шілде айындағы есебін жариялады. Бұл болжам сәуір айынан 0,2 п.т. ерекшеленеді. Әлемдік ЖІӨ-нің ұқсас өсу қарқыны (3%) 2024 жылы да сақталады деп болжануда. 
Оң өзгерістерге қарамастан, ХВҚ сарапшылары әлемдік экономикалық өсу тарихи тұрғыдан жеткілікті күшті емес деп санайды. Болжамдар, ең алдымен, дамыған елдерде өсудің баяулауын көрсетеді. Бұл жоғары инфляция және экономикалық белсенділікті тежейтін қатаң ақша-кредит саясаты сияқты жағымсыз факторларға байланысты.

Қазақстан
ХВҚ сарапшылары Қазақстанның 2023 жылға арналған өсу қарқыны бойынша болжамды 4,8%-ға дейін жақсартты (сәуір айындағы болжаммен салыстырғанда +0,5 п.т.). Алайда, 2024 жылға болжам 1 п.т. 3,9%-ға дейін нашарлады. 

Ресей және Қытай
Сондай-ақ, 2023 жылы Ресейдің өсу қарқыны 1,5% деңгейіне жетеді деп күтілуде (сәуір айындағы болжаммен салыстырғанда +0,8 п.т. жоғары). Алайда, 2024 жылы өсудің 1,3%-ға дейін баяулауы болжануда (болжам өзгеріссіз қалды). 
Қытайдың 2023 және 2024 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамдары сәйкесінше 5,2% және 4,5% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Инфляция
ХВҚ сарапшылары орталық банктердің инфляциямен күресу үшін мөлшерлемелерін көтеруі әлемдегі инфляциялық процестердің серпініне пәрменді әсер етеді деп күтеді. Олардың болжамы бойынша әлемдік инфляцияның жалпы деңгейі 2022 жылғы 8,7%-дан 2023 жылы 6,8%-ға дейін және одан әрі 2024 жылы 5,2%-ға дейін төмендейді. Бұл ретте базалық инфляция баяу төмендейді деп күтілуде. 

Мұнай бағасы
Мұнайдың орташа бағасы 2023 жылы барреліне 76,43 долларды құрайды, ал 2024 жылы барреліне 71,68 долларға дейін төмендейді деп болжануда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы 39%-ға өсті, алайда олар 2023 жылы шамамен 21%-ға төмендейді деп болжануда.





Қарау саны: 1335
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!