«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» «Экспорт» жетінші бағыты

28.08.2023

IMD бәсекеге қабілеттілігінің әлемдік рейтингі шеңберінде қаралатын «АКТ экспорты» ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуын бағалайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. 

Анықтама үшін: IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде АКТ экспортының үлесі қызметтер экспортының жалпы көлемінде ескеріледі. Бұл ретте деректер 2 жылға кешігумен пайдаланылады.

IMD-2023 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстан АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) экспортының деңгейі бойынша Ботсвана (2,8%), Таиланд (1,3%) және Мексикадан (0,2%) озып, 3% мәнімен 64 ел арасында 58-орынды иеленеді.

Жетекші орындарды Ирландия (58,9%), Израиль (55,9%), Үндістан (49,7%), Кувейт (46,1%), Финляндия (44,3%), Аргентина (25,1%), Румыния (25,1%), Болгария (25,1%), Кипр (22,9%) және Эстония (21,4%) алады. Бұл ретте Ирландия, Үндістан және Израиль 5 жыл бойы үздік-5 позициясын сақтап келеді. Сондай-ақ, 2018 жылғы рейтингпен салыстырғанда Бразилия (5-тен 34-ке дейін) және Норвегия (17-ден 49-ға дейін) өз позицияларынан айтарлықтай айырылды.

2019-2023 жылдар кезеңінде осы көрсеткіш бойынша Қазақстанда 5 жыл ішінде іс жүзінде өзгеріссіз позиция кезінде (59-58-орын) мәннің айтарлықтай төмендеуі (8,3%-тен 3%-ке дейін) байқалады. Бұл ретте рейтингтегі үздік-10 елдің (20%-тен жоғары) АКТ экспорт деңгейімен айтарлықтай алшақтық байқалады.


Сондай-ақ, соңғы 5 жылда әлемдік орташа мән 2019 жылғы рейтингте 27,3%-тен 2023 жылғы рейтингте 9,7%-ке дейін төмендегені байқалады.

АКТ -мен байланысты қызметтер — телекоммуникациялық, компьютерлік және ақпараттық — отандық экспорттың қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. 2022 жылы Қазақстаннан АКТ -мен байланысты қызметтердің экспорты шамамен 470,3 млн. АҚШ долларын құрады. 2013 жылмен салыстырғанда олардың көлемі 3,3 есе өсті (жалпы қызметтер бойынша — 1,5 есе). 2017 жылдан бастап (10 жылдағы ең аз экспорт көлемі) Қазақстан ИКТ қызметтерінің экспортын 4 еседен астам ұлғайтты. Жалпы, 2022 жылды қоспағанда, соңғы 10 жылда тұрақты серпін байқалды.

 
Сөзсіз, экспорттың өсу факторларының бірі 2022 жылы Қазақстанда халықаралық IТ-компаниялардың кеңселерін ашуы болды. Жаһандық нарықта жұмыс істейтін көптеген IТ -компаниялар, соның ішінде Playrix, Enrive, Nexters, Mytona Astana Hub резиденттеріне айналды. Сондай-ақ, Astana Hub-қа EPAM Kazakhstan компаниясы (американдық IТ -компания) кірді. Алдағы уақытта EPAM Қазақстанда даму орталығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жекелеген digital-мигранттардан басқа, 2022 жылы 100-ден астам ресейлік және беларусьтік IТ -компаниялар Astana Hub қатысушысы ретінде тіркелуге өтінім берді.

АКТ қызметтерінің қазақстандық экспорт құрылымында 71% компьютерлік қызметтерге (аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен, деректерді өңдеумен байланысты), 27,3% — телекоммуникациялық қызметтерге және 1,7%-ке жуық ақпараттық қызметтерге (деректер мен дерекқорларды сақтау және тарату, интернеттен ақпарат іздеу және басқа да ақпараттық қызметтерді қоса алғанда) тиесілі.


Компьютерлік қызметтердің экспорты соңғы 3 жылда өсудің жоғары қарқынын көрсетіп, 10 есеге ұлғайды: 33,5 млн. АҚШ долларынан 333,8 млн. АҚШ долларына дейін. Ақпараттық қызметтердің сыртқы сауда айналымы құрылымында да оң үрдістер байқалады: 2018 жылдан бастап экспорт 4,3 есе өсті. 

Сондай-ақ, соңғы 10 жылда тек телекоммуникациялық қызметтер саласында экспорт импорттан асып түскенін атап өту қажет: 2017 жылы (3%-ке) және 2022 жылы (8%-ке). Бұл ретте осы бап бойынша экспорт барынша тұрақтылықпен белгіленді.

Жалпы, АКТ-мен байланысты қызметтердің қазақстандық экспорты (0,5 млрд. АҚШ доллары) бүкіл әлемдік деңгейден елеусіз бөлігін (шамамен 0,03%) құрайды. Әлемде негізгі экспорттаушылар Ирландия (206,4 млрд. АҚШ доллары), Үндістан (144,8 млрд. АҚШ доллары), АҚШ долл. (67,6 млрд. АҚШ доллары), Қытай (55,7 млрд. АҚШ доллары), және Израиль (45,3 млрд. АҚШ доллары) болды.

 
2022 жылы қазақстандық АКТ-қызметтердің негізгі тұтынушылары Ресей (41,8 млн. АҚШ доллары), АҚШ (32,7 млн. АҚШ доллары) және Ұлыбритания (18,8 млн. АҚШ доллары) болды.
  
АКТ саласының дамуы экономиканың дамуымен тығыз байланысты - экономиканың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, АКТ даму деңгейі соғұрлым жоғары болады. Бұл ретте кері байланыс бар, АКТ саласының өсуі жұмыс орындарының көбеюінен басқа экономиканың басқа салаларының тиімділігін арттырады.
 
Қазақстанның АКТ секторын дамыту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуды, қаржыға қол жеткізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ адам капиталын дамытуды қамтитын АКТ секторы экожүйесінің барлық элементтерінің қатысуымен кешенді тәсіл қажет.




Қарау саны: 1412
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!