«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады»

04.09.2023

Осы айдың соңғы басылымында «Ғылым» бағыты бойынша ғылымды қажетсінетін қызметтер саласындағы жұмыспен қамтуды қарастырамыз.

Теориялық тұрғыдан ғылымды қажетсінетін қызметтер экономиканың жеке секторы емес. Бұл - техникалық және кәсіби білім мен дағдыларды қажет ететін қызмет түрлері. Мысалы, ғылымды қажетсінетін қызметке ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), басқару консалтингі, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, адам ресурстарын басқару және жұмыспен қамту қызметтері, заң қызметтері (оның ішінде зияткерлік меншік құқығымен байланысты), бухгалтерлік есеп, қаржыландыру, маркетинг және жарнама жатады.

ЭЫДҰ әдіснамасына сәйкес ғылымды қажетсінетін қызметтерге бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация, пошта және курьерлік жеткізу қызметтері, комиссиялық негізде көтерме сауда кіреді. 
 
Еуропалық одақтың Статистикалық қызметі (Eurostat) ғылымды қажетсінетін қызметтерді жоғары технологиялық (кино, бейне және телебағдарламалар өндірісі, баспа қызметі, телекоммуникация, компьютерлік бағдарламалау, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер және т.б.), ғылымды қажетсінетін нарықтық (су, әуе көлігі, заң және бухгалтерлік қызмет, жарнама және маркетингтік қызмет, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет және т.б.) және басқа да ғылымды қажетсінетін қызметтер (ветеринариялық қызмет, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік сақтандыру, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы қызмет, спортпен шұғылдану, ойын-сауық, демалыс және т.б.) түрлеріне бөледі.

Жаһандық инновациялық индексте бизнестің дамуын бағалайтын көрсеткіштердің бірі «ғылымды қажетсінетін жұмыспен қамту» болып табылады, ол жұмыс күшінен %-пен өлшенеді.  Бұл көрсеткіштің ақпарат көзі ILOSTAT еңбек статистикасының дерекқоры болып табылады.
 
Қазақстан ғылымды қажетсінетін қызметтер саласындағы жұмыспен қамту үлесі бойынша 132 елден 39-орынды алады. Рейтинг деректеріне сәйкес, елімізде жұмыс күшінің 36,9%-і ғылымды қажетсінетін қызметтер саласында жұмыс істейді. Рейтингтің алдыңғы нәтижесімен салыстырғанда осы көрсеткіш бойынша позицияның шамалы өсуі байқалады.

 
Жалпы алғанда, елдің позициялары 39-дан 41 орынға дейін ауытқиды, бұл әр жылдардағы рейтингтерде сол кезеңдегі бастапқы деректерді пайдаланумен байланысты.
 
132 елдің ішінде ғылымды қажетсінетін жұмыспен қамту бойынша Люксембург (63,6%), Сингапур (59,9%), Швеция (56,7%) көш бастап тұр.  Ұлттық статистика әдіснамасына сәйкес қызмет көрсету секторындағы жұмыспен қамту ғылымды қажет ететін қызметтерге жіктелмейтінін атап өткен жөн. Бұл ретте көрсетілген қызметтердің көлемі көптеген түрлерге (26) жіктеледі, олардың жекелеген түрлерін ғылымды қажетсінетін түрлерге жатқызуға болады. Осылайша,  2022 жылдың қорытындысы бойынша СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазу және басылым өндірісі саласында көрсетілген қызметтер көлемі қызметтер өндірісінің 0,1%-ын (68,1 млрд теңге) немесе ЖІӨ-нің 0,06%-ын құрайды. Ал қызметтің бұл түрі Eurostat жіктеліміне сәйкес жоғары технологиялық болып саналады, сондай-ақ Қазақстан әлсіз позицияларды иеленетін күрделілік индексі бойынша күрделілік деңгейі жоғары (133 ел арасында 88-орын).
 
Баспа қызметіндегі осындай жағдай осыған ұқсас, онда көрсетілген қызметтер көлемі ЖІӨ-ден 0,06% - 61,6 млрд теңгені, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер - ЖІӨ-ден 0,1% - 131,6 млрд теңгені құрайды.
 
ЖІӨ-нің шамамен 1%-і сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызметтер - 964,3 млрд теңгені құрайды.
Нарықтық ғылымды қажетсінетін қызметтер ЖІӨ-нің 1%-тен аспайтын көлемде көрсетілген (құқық және бухгалтерлік есеп саласында - 145,1 млрд теңге немесе ЖІӨ-ден 0,1%, басқару мәселелері бойынша консультация беру - 517,4 млрд теңге немесе ЖІӨ-ден 0,5%, жарнамалық қызмет және нарық конъюнктурасын зерттеу - 355,1 млрд теңге немесе ЖІӨ-ден 0,3% және т.б.).

Осылайша, Қазақстанда қызметкерлердің шамамен 37%-і ғылымды қажетсінетін қызметтер көрсетумен айналысса да, олар көрсеткен қызметтердің көлемі құндық мәнде үлкен емес.
 
Осыған байланысты білімге бағдарланған секторларда жұмыспен қамтылғандар жүйелі негізде зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуі, өнімдерді әзірлеу және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру үшін ғылыми білімді кеңейтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет.

 


Қарау саны: 1088
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!