Қазақстанның сыртқы саудасындағы топ- 5 тренд

05.09.2023

Қазақстанның сыртқы саудасындағы топ- 5 тренд (2023 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша)

1. Тауар айналымының рекордтық көлемі. 
1-жартыжылдықта Қазақстанның сыртқы саудасы кезекті биіктерге жетті. Тауар айналымы 67,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылдың 1-жартыжылдығынан 4,3%-ке және алдыңғы (2013 жылдың 1-жартыжылдығы) рекордтан 3%-ке жоғары. Айта кетейік, биылғы жылдың рекорды бұрынғыдан өзгеше, 2013 жылдың 1-жартыжылдығында ҚР экспорты қазіргі жеткізілімнен 12%-ке жоғары болды.

2. Бас сауда серіктесінің ауысуы. 
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанның бас сауда серіктесі Қытай болып табылады (13,6 млрд. АҚШ доллары). Қазіргі геосаяси жағдай осы жылы ресейлік тауарлардың импорты 10,4%-ке төмендеуіне (өткен жылғы рекордтан кейін), ал Қытай импорты 52,9%-ке өсуіне әкелді. Көбінесе, Ресейлік көлік құралдарын (-50%), компьютерлік және электрондық өнімдерді (-51%), электр жабдығын (-26%), металл бұйымдарын (-26%), жиһаздарды (-27%), резеңке және пластмасса бұйымдарын (-20%) сатып алу көлемі азайды Ресей Федерациясымен өзара сауданың оң өсу қарқыны негізінен қазақстандық тауарлардың көршіміздің нарығына экспортының жақсы өсу деңгейінің әсерінен сақталып тұр (2023 жылдың 1-жартыжылдығында +38,2%). 

3. Мұнай түсімі 17%-ке төмендеді. 
Мұнай түсімінің төмендеуі елдің жалпы экспортының 10%-ке төмендеуіне әкелді. Басқа негізгі позициялардың ішінде мыс катодтары мен ферроқорытпаларды (-26%-тен), темір рудасын (-28%), табиғи газды (-28%), күкіртті (-70%), сұйытылған мұнай газдарын (-42%) сатудан түсетін экспорттық түсімнің төмендеуін атап өтеміз.

4. Дайын АШ өнімінің экспорты 10%-ке өсті. 
Негізінен Ресейге (+35%) және Қырғызстанға (+36%) экспорттың өсуі есебінен өсті. Тауарлар арасында минералды суларды, темекіні, шоколадты және кондитерлік өнімдерді, мұздатылған балықты, күшейтілген спирт сусындарды жеткізудің артуы байқалады.

5. ЕО елдері қазақстандық көмірді сатып алуды 2 еседен астам арттырды. 
Еуроодақ елдерінің тоннасында былтырғы жартыжылдықтағы 1,6 млн тоннаға қарағанда ҚР-дан шамамен 3,3 млн тонна көмір импортталды. ЕО елдерінің арасында біздің тауар алғаш рет Эстонияға, Чехияға, Германияға, Литваға және Нидерландыға жеткізілді. Алайда негізгі тұтынушылар Польша (ЕО көлемінен 42%) және Латвия (37%) болып табылады. Жалпы, біздің көмір Индонезия (120 мың тонна), Үндістан (77 мың тонна), Марокко (73,5 мың тонна), Оңтүстік Корея (10 мың тонна) және Израиль (3,8 мың тонна) сияқты экзотикалық елдерге де жеткізіле бастады.




Қарау саны: 1059
Сақталған: 05.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!