Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен туралы
06.09.2023
Президент: «Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн». Түсініктеме: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз ету жүйесі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒББО) шеңберінде ұйымдастырылған. Бұл орталық мекемелердің бірнеше түрін біріктіреді, соның ішінде:
Соңғы жылдары ҰАҒББО ғылыми-зерттеу институттарының санын 23-тен 14-ке дейін қысқарту, бірақ өндіріс және ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің санын 13-тен 18-ге дейін арттыру арқылы реформалар жүргізді. Сондай-ақ, ҰАҒББО жүйесінде 3 демонстрациялық алаң және 60 модельдік ферма құрылды. Қызметкерлер саны оңтайландырылды және 9480 адамға дейін қысқарды (2018 жылғы 10349 адаммен салыстырғанда), оның ішінде 3000-ға жуық ғылыми қызметкер, олардың ішінде 246 ғылым докторы, 913 кандидат, 229 PhD дәрежесін ұстаушылар және 915 магистр. Ауыл шаруашылығына кадрлар даярлау ҰАҒББО 3 мамандандырылған агроуниверситетінің, ауылшаруашылық факультеттері бар 8 өңірлік университеттің және 12 көпсалалы университеттің қызметін қамтиды. Сондай-ақ, аграрлық бейіндегі 56 колледж техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаумен айналысады. Ауыл шаруашылығында ғылыми білім мен практикалық дағдыларды тиімдірек тарату үшін 25 білім тарату орталығы (БТО) бар. Сонымен бірге, АӨК өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде ауыл шаруашылығы ғылымының одан әрі дамуын тежейтін жүйелі сипаттағы бірқатар проблемалар орын алуда. Олардың негізгілері:
Осы жылдар ішінде егін шаруашылығы саласының тұрақты даму үрдісі жалғасын тапты. Осылайша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 3%-ке, оның ішінде: майлы дақылдар – 2%-ке, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 4,2%-ке ұлғайды. Суармалы жерлердің көлемі 5%-ке, ал су үнемдеу технологияларын қолдану ауданы 9%-ке ұлғайды. Картоптың орташа өнімділігі 4%-ке, көкөністер 3%-ке, қант қызылшасы 6%-ке, жеміс-жидек дақылдары 7,8%-ке өсті. Сонымен бірге, егін шаруашылығы саласында әртараптандыру процесі тиісті деңгейде жүргізілмейді. Елдің негізгі астық егетін өңірлерінде монодақыл басым. Жем-шөп өндірісін дамытуға жеткіліксіз көңіл бөлінеді. Суармалы жерлерді кеңейту және заманауи ылғал үнемдеу технологияларын енгізу өте баяу қарқынмен жүруде. Топырақтың құнарлылығын сақтау жұмысында кемшіліктер бар. Қолданылатын минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген нормалардың тек 23%-ін, ал органикалық тыңайтқыштар бойынша – тек 1,2%-ін құрайды. Көрсетілген кезеңде отандық тыңайтқыштардың көлемі тыңайтқыштарды енгізудің жалпы көлемінен орта есеппен 65%, импорттық тыңайтқыштар көлемінен 35% құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде республикада өндірілмейтін тыңайтқыштар (карбамид, аммоний сульфаты, күрделі (азот-фосфор-калий) тыңайтқыштар, сұйық және микро тыңайтқыштар) сұранысқа ие. Күрделі жағдай тұқым шаруашылығы жүйесінде де қалыптасты. Отандық тұқым шаруашылығы жүйесінің жеткіліксіз дамуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің тұқыммен қамтамасыз етілуі төмендейді. Мысалы, соңғы бес жылда бидай тұқымдарының импорты 7 есе, арпа 4 есе өсті, ал майлы, көкөніс дақылдары мен қант қызылшасы будандарының тұқымдары бойынша қамтамасыз етілуі шамамен 10% құрайды. Ауыл шаруашылығының техникалық паркін жаңарту қарқыны да уақыт талабынан артта қалуда. Осылайша, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 6-8% норматив кезінде 4,1 % құрады. Қазіргі уақытта техникалық парктің шамамен 76 %-інде пайдалану мерзімі 10 жылдан асады. Көптеген өңірлерде егін шаруашылығы саласында нақты әртараптандыру жоқ, бақылаудың пәрменді әдістерінің болмауы аясында жерді пайдалану қағидалары бұзылады. Қазақстан Республикасында дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақты дақылдар топтары бойынша тұқымның жыл сайынғы қажеттілігі – 2,0 млн тонна, майлы дақылдар – 87 мың тонна, жем-шөп дақылдары – 23 мың тонна, картоп – 289 мың тонна. Жүгері, жеміс-жидек, жаңғақ, күздік қара бидай, көкөніс, бақша дақылдары, картоп тұқымы және қант қызылшасы сияқты басқа да дақылдар бойынша отандық селекцияның тұқымымен қамтамасыз етілуі 10%-тен аз. Қазақстандағы тұқым шаруашылығы шаруашылықтарын жарамды техникамен материалдық-техникалық жарақтандыру 36%-ті құрайды, тұқым шаруашылығы шаруашылықтарының 60%-тен астамында қызмет ету мерзімі 10 жылдан асатын, жаңартуды талап ететін техника бар. Органикалық егіншілікті дамыту бойынша жұмыс басталды. 2009 жылдан бастап сертификатталған органикалық жер алқаптары 2 еседен астам – 134 мың гектардан 300 мың гектарға дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта 70 шаруашылық органикалық өнім өндіруге сәйкестігін растау бойынша шетелдік органдардың сертификаттарын алды. 2020 жылы Қазақстан 12,5 млн. АҚШ доллары сомасына органикалық өнімді экспорттады. Органикалық өнімдерді ЕО-ға мүше елдерге экспорттайтын 123 елден IFOAM халықаралық рейтингі бойынша Қазақстан 9-шы, оның ішінде органикалық бидай бойынша – 4-ші, майлы зығырдың органикалық тұқымдары бойынша – 6-шы орында. Органикалық егіншілікті дамыту мүмкіндіктері тиісті деңгейде пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы 22 млн га ауданынан органикалық өсімдік шаруашылығы технологиялары бойынша шамамен 1,5% ғана өңделеді. Бұл ретте шетелдік сарапшылардың есептеулері бойынша Қазақстанда пайдаланылатын егістіктің 46%-і (11,5 млн га) және жайылымдардың 70%-і экологиялық жағдайы бойынша органикалық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын жүргізуге жарамды. Елде органикалық өндіріс саласындағы сертификаттау қызметтерінің ішкі нарығы жоқ. Органикалық өнім өндірушілерді ұжымдық сертификаттау нысандары жоқ. Органикалық өнім өндірісі мен айналымының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажет. Өсімдік шаруашылығы саласының негізгі проблемалары:
Аят Наурузов жетекші сарапшы
Қарау саны: 1137 |
|
|