Қазақстандық өңдеу өнеркәсібі – ел алдында тұрған №1 басымдық

06.09.2023

Тоқаев: 

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету.  Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет».
  
Президент Қазақстан экономикасының нысаналы сипатын индустриалды-аграрлық деп айқындағанына назар аударды. Өңдеу өнеркәсібінде қолда бар дайындаманы ескере отырып, дамудың осы бағытында нақты серпіліс жасауға барлық мүмкіндік бар. Шикізатты неғұрлым терең өңдеу, қосылған құны жоғары өнім алу, ғылыми, өндірістік және басқарушылық кадрларды жоспарлы даярлаумен қатар меншікті технологияларды әзірлеу және шетелдік перспективалы технологияларды тарту Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге табысты қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі екені сөзсіз.

Бұл ретте қойылған міндет кешенді түрде қойылады: бір жағынан, ұлттық өндірушінің мүддесі үшін ішкі нарықты қорғау бойынша ақылға қонымды протекционистік өнеркәсіптік саясатқа жол беріліп, реттелетін сатып алулардағы қазақстандық өнімнің айқын біржақты басымдығы белгіленді («үш жылдың ішінде реттелетін сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесі кемінде 60 пайызға жетуге тиіс»).

Статистика (stat.gov.kz) соңғы 5 жылда өңдеу секторының серпінді өсуін растайды. Осылайша, өңдеу өнеркәсібі 2022 жылдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемін 21,2 трлн. теңге деңгейінде көрсете отырып, мұнай және газ өндіру секторын (19,4 трлн. теңге), түсті (5,8 трлн. теңге) және қара (3,2 трлн. теңге) металлургия секторын басып озды. Сол арқылы болашақ дамудың белгілі бір негізі қаланды.

Бірнеше рет сарапшылар салалық министрлердің жауапкершілік деңгейін арттыру қажеттілігі туралы мәселе көтерді. Енді бұл мәселе Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде басқа да сабақтас бағыттар бойынша нақты талап етілетін жүйелі шараларды (инвестицияларға айырбасқа 3 жылға салықтан босату, офтейк-келісімшарттар практикасын кеңейту, геологиялық барлау, ғылым, цифрландыру) ескере отырып шешілгендіктен, қойылған мақсаттарға нақты қол жеткізуге негіз пайда болады.





Тимур Усеев 
орталық директоры



Қарау саны: 1171
Сақталған: 07.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!