Стратегиялық инвестициялық келісім туралы
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында мемлекет пен инвесторлар арасындағы уағдаластықтарды тіркеу мақсатында жаңа құрал – стратегиялық инвестициялық келісім енгізілетінін атап өтті.
Инвестициялық ахуалды жақсарту COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында ерекше өзекті болып табылады. UNCTAD (United Nations Conference on Trade and Development) бағалауы бойынша дағдарыс 2020 және 2021 жылдары тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі - ТШИ) күрт қысқаруына алып келеді. Болжамдарға сәйкес 2020 жылы ТШИ-дің жаһандық ағындары 2019 жылмен салыстырғанда 40% - ға қысқарады (2019 жылы 1,54 трлн АҚШ доллары) және 2005 жылдан бастап алғаш рет 1 трлн АҚШ долларынан төмен түседі. Бұған негізгі инвесторлар болып табылатын ірі трансұлттық компаниялар (бұдан әрі - ТҰК) пайдасының төмендеуі ықпал ететін болады. Осылайша, 5000 ірі ТҰК-ның 2020 қаржы жылына арналған кіріс болжамдары аурудың өршу сәтінен бастап төмендеу жағына қарай орташа қайта қарау 36% - ды құрайтынын көрсетеді. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 20% - ға дейін (2019 жылы-27%) төмендеген Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы жалпы жинақтың төмендегенін атап өткен жөн. Бұл үрдіс инвестициялық белсенділіктің төмендегенін көрсетеді.
Демек, қазіргі жағдайда қолайлы инвестициялық ахуалды қолдау экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін қажет, бұл ретте заңнаманың тұрақтылығы маңызды рөл атқаратын болады. Осылайша, Дүниежүзілік Банктің «Жаһандық инвестициялық бәсекеге қабілеттілік туралы 2019/2020: Белгісіздік кезеңінде инвесторлардың сенімін қалпына келтіру» есебіне сәйкес, нормативтік-құқықтық орта 2019 жылы тікелей шетелдік инвестициялар үшін саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен қатар негізгі үш фактордың бірі болды. Бұдан әрі инвестициялық климаттың адами капитал, төмен салықтар, нарық мөлшері және басқалар сияқты факторлары бар.
Осылайша, стратегиялық инвестициялық келісімді жасасу заңнаманы өзгерту кезінде инвесторлардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге ықпал етеді және елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсер етеді.