ТДМ бейімдеу бойынша семинарлар мен фокус-топтар циклі басталды
08.09.2023
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары БҰҰ-ның Қазақстандағы және Еуропалық Одақтағы Даму Бағдарламасының қолдауымен Қызылорда облысының өңірінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын бейімдеу бойынша семинарлар мен фокус-топтар өткізді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басынан бастап Қазақстанның түрлі өңірлерінде тұрақты даму мақсаттарын оқшаулауға арналған семинарлар циклі басталды. 2023 жылғы 4-6 қыркүйек аралығында Қызылорда облысында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ мамандары жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар мен азаматтар үшін бірқатар іс-шаралар өткізді. Кездесулерде жергілікті атқарушы органдар үшін ұлттық деңгейде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру саясатын түсіндіру және осы саясаттың қағидаттарын облысты дамытуға енгізу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастар саясаты және халықтың бюджетке қатысуын іске асыру мәселелеріне арналған фокус-топтар өткізілді. Семинардың алғы сөзінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов қазіргі уақытта тұрақты даму мақсаттарын іске асыру ерекше маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Премьер-министр А.А. Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі уақытта өңірде осы мақсаттарды іске асыру бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Әділ Миратұлы Құсманов мырза семинарға қатысушыларға арналған сөзінде Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы туралы айтты. Сонымен қатар өткізілетін іс-шаралардың мақсаттарын таныстырып, Қызылорда облысы әкімдігіне қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Тұрақты даму мақсаттарын бейімдеу мәселелері бойынша Семинар Қызылорда облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен облыс басқармаларының қатысуымен өтті. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылығының директоры Хамбар Бақытгүл "Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын бейімдеу және оқшаулау" және "Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру процесіне мүдделі тараптарды тарту әдістері"атты екі тақырыпты таныстырды. Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімі аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінің, облыс басқармаларының, Қызылорда қаласы әкімдігінің бөлімдері өкілдерінің, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен облысты дамыту бағдарламасына тұрақты даму мақсаттарының ұлттық индикаторларын айқындау және интеграциялау мәселелері бойынша талқылаулар өтті. Фокус-топтарға студенттер, жас мемлекеттік қызметшілер, бюджет саласының қызметкерлері, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ NEET жастары (оқымайтын, жұмыс істемейтін және қосымша дағдыларды игермейтін жастар) қатысты. Қазіргі уақытта барлық нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар мен стратегиялық құжаттар қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы жалпы жұртшылықтың пікірін ескере отырып әзірленуде. Халықтың бюджет қаражатын бөлуге қатысу құралдарының бірі - "Халық қатысатын Бюджет". Қызылорда облысында осы тетікті іске асыру мәселелері облыс белсенділерінің, қоғам белсенділерінің, жергілікті атқарушы органдар, ПИК және ОСИ өкілдерінің, сондай-ақ қалалық Қоғамдық кеңестің қатысуымен фокус-топта талқыланды.
Қарау саны: 1038 |
|
|