Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды
13.09.2023
№ 5 қорытынды – 20 өңірден 3-уінде жолдардың сапасын бағалау қалаларға қарағанда едәуір жоғары Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын қабылдауды жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде халықтың өз кірістерін бағалауы жүргізілді. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, 4 балдық бағалау бойынша жол сапасының бағасы 1,89-дан 2,9 балға дейін ауытқиды, жол сапасы 4-тен 3 балдан аспайды. Абай, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы респонденттердің пікірінше, жолдардың сапасы ең төмен, яғни 20 өңірдің 4-уінде жол сапасының бағасы орташа да емес. Респонденттер Астана және Алматы қалаларында жолдарға ең жоғары баға берді. Алайда статистикалық деректер тағы бір көріністі көрсетеді: жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың ең төмен үлесі - Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында. Статикалық және сауалнама деректерінің төмен бағалары Ақтөбе облысында сәйкес келеді. Қала мен ауыл бөлінісінде жолдардың сапасын бағалау бойынша зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 4 өңірдегі қалаларда бағалау ауылдарға қарағанда едәуір жоғары: Ақтөбе (айырмашылық 0,6 балл), Қарағанды (айырмашылық 0,48 балл), Қостанай (айырмашылық 0,35 балл), Маңғыстау (0,19 балл) облыстарында. Айта кетейік, 20 өңірдің 3-уінде ауылдардағы жол сапасының бағалауы қалаларға қарағанда едәуір жоғары: Солтүстік Қазақстан (айырмашылық 0,6 балл), Павлодар (айырмашылық 0,29 балл), Батыс Қазақстан (0,24 балл) облыстары. Елді мекендегі және өңірдегі жолдардың сапасы халықтың өмір сүру сапасына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады, бұл қозғалыс жылдамдығы мен ыңғайлылығына, әлеуметтік және басқа объектілердің қолжетімділік деңгейіне әсер етеді. Халық сауалнамасының нәтижелері көрсеткендей, біріншіден, жол сапасы мәселесі ведомстволардың бақылауында қалуы керек, жолдарды жақсы сапада және қанағаттанарлық бағалауды бөліп, сапалы жолдардың үлесін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Екіншіден, өңірлерде қалалар мен ауылдардағы жолдар сапасының айырмашылығына ерекше назар аудару, көрсеткіштер арасындағы алшақтықты азайту қажет.
Қарау саны: 1060 |
|
|