БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша брифингі

13.09.2023

2023 жылғы 18-19 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өтетін 2023 жылғы тұрақты даму мақсаттары жөніндегі айтулы Саммит (ТДМ) қарсаңында БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесі жоғары деңгейдегі брифинг ұйымдастырды, оған Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың 50-ден астам өкілі, Ұлттық экономика министрлігі және "Экономикалық зерттеулер институты"АҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шара тұрақты дамуға қатысты маңызды мәселелерді талқылау үшін қатысушыларды жинады.


Экономикалық зерттеулер институтынан Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов сөз сөйледі. Спикер баяндамасында Қазақстанның ТДМ іске асырудағы жетістіктері, сондай-ақ тұрақты дамуға қол жеткізумен байланысты сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер туралы айтты.

 

Іс-шарада сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханым, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов мырза және ҚР ҰЭМ әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова ханым сөз сөйледі.


Жалпы, брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар 18-19 қыркүйектегі тұрақты даму мақсаттары бойынша саммитте әзірленген ұсыныстар ТДМ-ға қол жеткізуде жеделдетілген прогреске жаңа серпін беруге мүмкіндік береді және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерін түзетуі мүмкін деген пікірге келді.





Қарау саны: 1034
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!