2023 жылдың 14-қыркүйегінде ERI мен Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығының бірлескен жұмысы туралы келісімге қол жеткізілді

14.09.2023

2023 жылдың 14-қыркүйегінде ERI мен Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығының бірлескен жұмысы туралы келісімге қол жеткізілді.
 
Қауымдастық қазіргі уақытта 13 электротехника кәсіпорындарын біріктіреді, соның ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Energy Components (EnCom), Петропавл электротехникалық зауыты, Орал трансформатор зауыты, Алматы электр механикалық зауыты, Өскемен конденсатор зауыты, Астана электротехникалық зауыты және т.б. 
 
«Біз қосалқы саланы ғана емес, жалпы машина жасауды дамытуға ықпал ететін бірқатар жүйелі шараларды ұсынып отырмыз. Бұл салықтық преференцияларға (республикалық бюджетке залал келтірмей), реттелетін сатып алулардағы басымдыққа және басқа да салаларға қатысты», - деді АЭК басқарушы директоры Ғалым Булатов

 
ERI басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов: «Институт өңдеу өнеркәсібін дамытудың ағымдағы және болашақтағы шараларына ғылыми зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. Біз үшін неғұрлым объективті қорытындылар жасау үшін бизнес өкілдерімен тікелей байланыста болу маңыздырақ. Сонымен қатар, ERI белгілі бір бастамалардың макроэкономикалық көрсеткіштерге, салааралық тепе-теңдікке және тұтастай алғанда экономикалық жүйеге әсерін кешенді бағалаумен жеке салалық зерттеулер жүргізу тәжірибесіне ие».

 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі тұрақты өзара қарым қатынас туралы келісті.




Қарау саны: 1077
Сақталған: 15.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!