Жамбыл облысы

15.09.2023

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облыс, батыстан және шығыстан Түркістан және Алматы облыстарымен, солтүстіктен – Қарағанды облысымен, оңтүстіктен – Қырғыз Республикасымен шектеседі. Құрылған күні – 1939 жылғы 14 қазан.
 
Жамбыл облысының аумағы 144,3 мың шаршы км немесе Қазақстан Республикасы аумағының 5,3%-ін құрайды. Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы қала – Тараз және аудандық бағыныстағы 3 қала – Қаратау, Жаңатас, Шу, 153 ауылдық округ, 367 ауылдық елді мекен бар.
 
2022 жылғы жағдай бойынша Жамбыл облысының халық саны 1214,9 мың адамды (немесе ел халқының 6,2%-і) құрады, оның ішінде қала халқы – 526,8 мың адам (43%), ауыл халқы – 691,2 мың адам (57%). Облыс өзінің бағыты бойынша индустриалды-аграрлық болып табылады. Соңғы 30 жылда өңір халқының саны 17%-ке өсті. Халық санының өсуіне қарамастан, өңірдегі көші-қон сальдосы теріс, яғни облысқа келгеннен гөрі көбірек кетеді. Соңғы 10 жылда облыстан Сарысу және Талас аудандары тұрғындарының қазіргі санына қарағанда көбірек халық кетті.
 
ЖӨӨ 2022 жылы 2749,0 млрд. теңгені құрады, ол соңғы 15 жылда тұрақты немесе жылына 17% (ҚР бойынша осы кезеңде жылына 14%) өсу серпініне ие. 2008 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ 8,5 есе өсті (ҚР-да осы кезеңде 6,4 есе).

 
Өңір халқының жан басына шаққандағы ЖӨӨ соңғы 15 жылда 87%-ке өсіп, 2022 жылы 5 мың АҚШ долларын құрады (сол кезеңде ел халқының жан басына шаққандағы ЖӨӨ 34%-ке өсіп, 11,4 мың АҚШ долларын құрады). Облыс республиканың 20 өңірі арасында 15-орында. ҚР ЖІӨ-дегі Жамбыл облысының ЖӨӨ үлес салмағы 2022 жылы 2,7%-ті құрайды.
 
Облыстың ЖӨӨ құрылымы жеткілікті әртараптандырылған, онда 4 басым сала бар: көлік және қоймалау, өнеркәсіп, сауда және ауыл шаруашылығы.


Облыстың экономикалық дамуының локомотиві өнеркәсіптің негізгі саласы болып келетін өңдеу өнеркәсібі болып табылады, оның үлесі 2022 жылы шамамен 67%-ті құрады (республиканың өңдеу өнеркәсібінде – 2,3%). Өңдеу өнеркәсібі өңірдің ЖӨӨ-нің шамамен 11,5%-ін құрайды.


Өңірде агроөнеркәсіптік кешен салыстырмалы түрде дамыған. Осылайша, облыс ауыл шаруашылығының ЖӨӨ-дегі үлес салмағы 2022 жылы республиканың ауыл шаруашылығы құрылымында 11% немесе 5%-ті құрады.
 
Аумақтық бөліністе облыстың ауыл шаруашылығы дамыған өңірлері Шу (17,6%), Қордай (17,4%), Байзақ (12,3%), Жамбыл (11,7%), Т. Рысқұлов (9,9%), Жуалы (9,3%) болып табылады.
 
Облыста 29,8 мың га алаңда ылғал үнемдейтін технологиялар енгізілгеніне қарамастан; су үнемдейтін (тамшылатып суару және жаңбырлату) – 20,5 мың га, оның ішінде 2019 жылы – 2,5 мың га. Өңірде жылдан жылға су тапшылығы байқалады.

Анықтама үшін: Ылғал үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде үш жыл ішінде пысықталғаннан кейін дәнді дақылдардың жалпы жиналуы орта есеппен 1,2 есе өсті, онда 2019 жылы өнімділік 21,3 ц/га құрап, орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есе асып түсті. Көкөністердің өсуі 1,3 есе, картоп – 1,1 есе және бақша дақылдары – 1,3 есе. Өнімділік тиісінше 266,9 ц/га, 230,8 ц/га, 268,6 ц/га құрады. Өңір республикада жетекші орын алады: мақсары және бақша дақылдарын өндіру бойынша – 2-орын, көкөніс дақылдары мен жүгері – 3-орын, арпа бойынша – 5-орын.

Су тапшылығы проблемасы әсіресе ағымдағы жылы өткір байқалады, осылайша тамыз айындағы жағдай бойынша Киров су қоймасының (Қырғызстан) көлемі 32,5 млн. текше метрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145 млн. текше метрге аз.

Өткен жылы Қазақстанның суға деген қажеттілігі секундына 45 текше метрді құрады, бүгінгі күні су берілмейді, бұл ретте Жамбыл ГРЭС жұмысын қолдау үшін секундына 5 текше метрден аз су қажет.

Суармалы су тапшылығын Байзақ, Талас және ішінара Жамбыл аудандары сезінеді, шамамен 4 мың гектар пияз мен қант қызылшасына қауіп төнеді. Су тапшылығы өңірдің ауыл шаруашылығындағы халықтың жұмыспен қамтылуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Талдау көрсеткендей, егер 2012 жылы ауыл шаруашылығында өңірдегі жұмыс істейтін халықтың шамамен 35%-і жұмыспен қамтылса, 2022 жылы – 26%-і жұмыспен қамтылды. Соңғы 10 жылда Жамбыл облысының ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық абсолютті мәндерде 54,5 мың адамға азайды (Талас ауданының барлық тұрғындарынан көп). Су тапшылығының ұлғаюын ескере отырып, жақын арада облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықтың қысқару қаупі артады.

Қазақстанда  су тұтынудың 65%-і ауыл шаруашылығына тиесілі, алайда суару арналарының қанағаттанарлықсыз жай-күйіне байланысты суды егістікке дейін тасымалдау кезіндегі шығындар 50%-ті құрайды.

2023 жылы 1,58 млн. гектар суармалы жер өңделеді, оған шамамен 11,4 млрд. текше метр су қажет болады.

Суды үнемдеу технологияларын енгізу үшін мемлекет инвестициялық субсидиялау шеңберінде фермерлердің оларды сатып алуға, сондай-ақ су алу және беру жөніндегі негізгі инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50%-ін өтейді. Алайда, бұл суды тиімді пайдалану бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін әзірге жеткіліксіз. Дамыған елдердің (Сингапур, Израиль, АҚШ және т.б.) тәжірибесі бойынша жаңбыр суын жинау және ағынды суларды қайта пайдалану технологияларын енгізу қажет болуы мүмкін.

Қазақстан су ресурстарының, оның ішінде климаттың өзгеруіне байланысты айтарлықтай дәрежеде тапшылығы бар елдерге жататыны белгілі. Елдің жер үсті суларының жартысынан көбі көрші елдердің — Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан аумағынан келеді.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азияның кейбір елдерінің ауыл шаруашылығы секторындағы «су күйзелісінің» деңгейі бойынша болжамдарына сәйкес, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан климаттың өзгеруінен қатты зардап шегеді, 2040 жылға қарай су күйзелісінің деңгейі 80%-тен асады. 




Қарау саны: 1567
Сақталған: 15.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!