Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады? Бүгін біз су ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін қарастырамыз.

18.09.2023

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде (бұдан әрі – IMD) 2020 жылға дейін су ресурстарын пайдалануды бағалау үшін «Суды тұтыну қарқындылығы» көрсеткіші қолданылды. Алайда, 2021 жылдан бастап ол «Суды пайдалану тиімділігі» көрсеткішімен ауыстырылды.
 
Анықтама үшін: Тұтыну қарқындылығының көрсеткіші су алудың нақты көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы ретінде анықталады және текше метрмен 1 мың АҚШ долларымен  өлшенеді.

Тиімділік көрсеткіші ЖІӨ шамасының су алу көлеміне қатынасы ретінде анықталады (АҚШ доллары/текше м).

Жалпы, екі көрсеткіш те бірдей, дегенмен, су тұтынудың тиімділігі көрсеткіші елдің экономикалық өсуінің су ресурстарын пайдалануға қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді. Тиімділік көрсеткіші суды тиімді басқаруға бағытталған саясаттың сәттілігін өлшеу үшін көрсеткіш ретінде кеңінен қолданылады.

Ақпарат көздері Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі – ФАО) (су ресурстары және ауыл шаруашылығындағы суды пайдалану жөніндегі ФАО AQUASTAT жаһандық ақпараттық жүйесі) статистикалық деректері және IMD рейтингіне қатысушы елдердің ұлттық көздері болып табылады. Бұл ретте үш жыл бұрынғы деректер пайдаланылады.

Екі көрсеткішті есептеу үшін ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттарда пайдаланылатын тұщы судың жылдық мөлшері ескеріледі.
Қазақстан IMD-2020 рейтингінде суды тұтыну қарқындылығы бойынша 1000 АҚШ долларына 123,02 текше метр су ресурстарының мәнімен 64 елдің арасында 46-орынды иеленді (2017 жылғы деректер). Бұл ретте көшбасшылар БАӘ (0,03 текше метр), Люксембург (0,73 текше метр), Дания (2,17 текше метр), Ұлыбритания (2,40 текше метр) және Италия (2,65 текше метр) болды.

Суды пайдалану тиімділігі бойынша Қазақстан IMD-2023 рейтингінде текше метрге 7,42 АҚШ доллары мәнімен 56-орын алады (2020 жылғы деректер) және мәні 60 еседен асатын жетекші елдерден едәуір артта қалды (орта есеппен).

Үшінші жыл қатарынан жетекші орындарды қарқындылығы бойынша осы елдер алады: Люксембург (1189,98 АҚШ доллары), Швейцария (404,8 АҚШ доллары), Ұлыбритания (307,6 АҚШ доллары), Гонконг (292,4 АҚШ доллары) және Дания (288,42 АҚШ доллары).
  
Үздік-5 ел арасында көрсеткіштің ең жоғары өсуі Швейцарияда байқалды, ол 19,1% құрады (IMD-2021 – 339,72 АҚШ доллары), одан кейін Дания келеді – 9,9% (IMD-2021 – 262,21 АҚШ доллары) және Люксембург сәл артта қалды – 8,4% (IMD-2021 – 1096,77 АҚШ доллары), Ұлыбританияда, керісінше, тиімділік 5,1%-ке төмендеді (IMD-2021 – 324,34 АҚШ доллары).
 
Бұл ретте рейтингте көшбасшы елдермен салыстырғанда Қазақстанның өсу серпіні айтарлықтай төмен және 3%-ті құрады. IMD-2021 рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстан 57-орынды иеленді (7,20 АҚШ доллары), IMD-2023 рейтингінде көрсеткіштің өсуімен бірге бір позицияға көтерілді (7,42  АҚШ доллары). Алайда, 2000 жылдан 2020 жылға дейінгі жиырма жылдық кезеңде елде суды пайдалану тиімділігі 2,7 есе өсті.


Көрсеткіштің шамасына экономиканың құрылымы (суды көп қажет ететін салалардың үлесі) әсер ететінін ескеру қажет, бұл ауыл шаруашылығында суды аз тұтынатын елдер тобының жетекші позициясын түсіндіреді. Мысалы, ирригациясы дамыған елдер – Италия (45,88 АҚШ доллары) және АҚШ (43,03 АҚШ доллары) рейтингтің бірінші отыздығына кірген жоқ. Су алудың 90%-і ауыл шаруашылығына келетін Үндістан текше метрге 2,89 АҚШ доллары мәнімен рейтингтің соңғы сатысында  орналасты.

 
Ұлыбританияда ауыл шаруашылығына су алу үлесі 14%, Швейцарияда – 9% құрайды. АҚШ пен Италияда ауыл шаруашылығына тиісінше 40% және 50% келеді.
 
Қазақстанда ауыл шаруашылығының суды тұтыну үлесі жалпы су тартудың 63%-ін құрайды, өнеркәсіп секторына 18%-і келеді, халықтың тікелей пайдалануы үшін су алу 19%-ті құрайды. Ауыл шаруашылығы қосылған құны төмен салаға жататындықтан және судың ең көп мөлшерін тұтынатындықтан, бұл фактор суды пайдалану тиімділігіне тікелей әсер етеді. Бұған қоса, бұл сектор су шығынының ең жоғары деңгейін құрайды және 40%-ке жетеді.
 
Қазақстанда су пайдалану тиімділігінің төмен көрсеткішіне инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы (гидротехникалық құрылыстардың 60% тозуы, суарудың ескірген тәсілдері), заманауи технологиялардың болмауы (су үнемдеу технологияларын пайдаланбау) және су ресурстарын басқарудың тиімсіз саясаты сияқты бірқатар проблемалар да әсер етеді.
 
Қазақстанда су ресурстарын пайдалану проблемасына Президент Қ.К.  Тоқаев 01.09.2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында назар аударып, шешуші және жылдам шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Бірінші кезектегі міндет – суды үнемдейтін озық технологияларды енгізуді жылына 150 мың гектарға дейін жеделдету. Еріген судың жиналуын қамтамасыз ету және оны тасымалдау кезінде шығындарды азайту үшін 20 жаңа су қоймасын салу және кемінде 15 жұмыс істеп тұрған су қоймасын реконструкциялау, кемінде 3500 шақырым каналды жаңғырту және цифрландыру қажет. 2027 жылға қарай қосымша екі текше километр сумен қамтамасыз ету қажет. Негізгі міндеттердің қатарында жаңа тарифтік саясатты енгізу және жаңа инфрақұрылымды құру да айтылды.

 


Қарау саны: 1263
Сақталған: 18.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!