Халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру бағдарламасы бойынша отырыс

18.09.2023

15 қыркүйекте Жобалық офис басқарушы комитетінің халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру Бағдарламасын іске асыру жөніндегі кезекті апта сайынғы отырысы өтті.


Нысаналы көрсеткіштердің орындалуына жауапты мемлекеттік органдарды бекіту, ҚР сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес экспорт бойынша нысаналы көрсеткіштерін енгізу туралы мәселелер қаралды.

Жобалық кеңсе шеңберінде 15-ке жуық негізгі индикатор және келесі негізгі бағыттар үшін 300-ден астам көрсеткіш айқындалды: Бірінші бағыт - "Ауыл аманаты", екінші бағыт - "Ауыл – Ел бесігі" және үшінші бағыт - "Жаңа қала".

Басқарушы комитеттің отырысында мемлекеттік органдарға жобалық кеңселер мен жобалар топтары басшыларының жұмысын ұйымдастыру бойынша талаптар түсіндірілді.
 
Отырыс соңында Ақмола және Павлодар облыстары әкімдіктерінің өкілдері "Ауыл-ел бесігі" жобасының ағымдағы орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Айта кету керек, жобалық кеңсе күн сайын жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыру барысында туындаған мәселелерді талқылайды.




Қарау саны: 1091
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!