ERI ұйымдастырған аймақтық стандарттар жүйесі туралы семинарлар
19.09.2023
2023 жылғы 13-19 қыркүйек аралығында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ алаңында өңірлік стандарттар жүйесі бойынша семинарлар өтті. Әкімдік қызметкерлеріне арналған Онлайн-семинарлар Zoom бағдарламасының көмегімен бейнеконференция форматында іске асты. Іс-шараға облыстық экономика басқармалары, аудандық экономика бөлімдері және еліміздің 20 өңірі әкімдіктерінің басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелері қатысты. Семинардың мақсаты жергілікті атқарушы органдар мамандарының құзыреттерін дамыту, оның ішінде өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілуін есептеу әдістемесін түсіндіру, нысандарды толтыру көрсеткіштері мен тәртібін талқылау болып табылады. Өңірлік стандарттар жүйесі қалалар мен ауылдардың тұрғындары үшін инфрақұрылым мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік стандарттарын білдіретінін атап өту қажет. Өңірлік стандарттар жүйесінің басты мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту және осы жүйе шеңберінде белгіленген параметрлерге қол жеткізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Қарау саны: 1087 |
|
|