Өңірлік теңсіздік туралы 30 тұжырым

20.09.2023

№ 6 тұжырым - Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау сапасының бағалауы ең төмен

Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия даму банкінің біліммен және тәжірибемен алмасудың бірлескен бағдарламасының "Өңірлік теңсіздікті зерттеу" жобасы шеңберінде халықтың өз кірістерін бағалауы жүргізілді.
 
Қазақстанда сумен жабдықтау қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Алайда, 2022 жылғы халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері сумен жабдықтау сапасын бағалау өте жоғары болғанын көрсетеді. Сауалнама нәтижелері бойынша 4 балдық шкала бойынша балл 2,6-дан 3,4 баллға дейін өзгерді.

Респонденттердің пікірінше, Абай және Ұлытау облыстарында, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында сумен жабдықтаудың  сапасы ең төмен. Алайда, жалпы Қазақстан бойынша сумен жабдықтау сапасының орташа бағалауы 3,1 балды құрайды, яғни орташадан жоғары (2 балл).
   
Ең жоғары бағалар еліміздің мегаполистерінде байқалды.

  
Өңірлердегі және ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау сапасын бағалау Ұлытау облысында (2,4 балл), Шығыс Қазақстан облысында (2,4 балл) және Батыс Қазақстан облысында ең төмен екенін көрсетті. Алайда, бағалау орташа деңгейден жоғары болып табылады.
  
Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Атырау облыстарындағы және Жетісу облысындағы ауылдарда сумен жабдықтау сапасын  бағалау жоғары болып отыр.
   
Қалалық жерлерде сумен жабдықтау сапасы Қарағанды облысында 2,4 балдан еліміздің мегаполистерінде 3,4-3,44 балға дейін бағаланады. Сумен жабдықтау сапасының проблемалары Қарағанды, Маңғыстау облыстарының қалалары мен Абай облысында  атап өтілді.

  
2023 жылы бірқатар өңірлерде сумен жабдықтау проблемалары байқалды, сондықтан 2022 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш бойынша рейтингтің өзгеруі күтілуде. 

 


Қарау саны: 1165
Сақталған: 20.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!