БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық одақ қолдауымен ұйымдастырылған өңірлердегі семинарлар аяқталды

20.09.2023

Жергілікті деңгейде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мүмкіндіктерін талқылау бойынша көшпелі іс-шаралар (семинарлар, кездесулер, фокус-топтар) аяқталды, олар еліміздің 4 өңірін қамтыды: Қызылорда облысы, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстары. Бұл жұмыстар БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық одақ бірлескен жоба аясында жүргізілді.

Қорытынды іс-шаралар ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында Абай облысында, Семей қаласында өтті.

13 қыркүйекте Абай облысында, жастардың өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін анықтау және "Халық қатысатын Бюджет" жобасын іске асыру мәселелері бойынша фокус-топтар өткізілді.

Өңір жастары  өкілдерімен топтық пікірталасқа әкімдік қызметкерлері, бюджеттік ұйымдар мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ЖОО студенттері, ТжКБ оқушылары қатысты. Белсенді әңгіме барысында қатысушылар өңірдегі жастар саясаты саласындағы проблемалық мәселелерді де, оң көрсеткіштерді де атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), ПИК және МИБ өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Абай облысындағы "Халық қатысатын Бюджет" жобасын іске асыруды талқылау барысында азаматтардың жобаға қатысу тетігі, халықты ақпараттандыру, жобалық ұсыныстар берудің техникалық аспектісі және басқа да өзекті мәселелер қозғалды. ЖАО өкілдері халықтың хабардарлығы мен қатысу деңгейінің өсуі және жобалық ұсыныстармен өтінімдер санының артуы ретінде жобаны іске асырудағы оң өзгерістерді атап өтті.

14-қыркүйекте Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары ТДМ ұлттық индикаторларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына интеграциялау жөніндегі ұсыныстарды талқылау бойынша семинар өткізді. Іс-шараға облыс басқармаларының, Семей қаласы әкімдігі бөлімдерінің, облыстық полиция, төтенше жағдайлар, әділет, статистика департаменттерінің және т.б. өкілдері қатысты. Практикалық жұмыс топтарда жүргізілді, онда қатысушыларға өз бағыттары бойынша ұсыныстар мен түсініктеме беру мүмкіндігі ұсынылды.


15-қыркүйекте ТДМ-ды оқшаулау мәселелерін ЖАО өкілдерімен және мүдделі тараптармен талқылау бойынша семинар өтті. Семинар қатысушыларына "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Миратұлы Құсманов алғы сөз сөйлеп, Қазақстанда ТДМ іске асырылуы туралы айтып, өңірлерде өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Құсманов Абай облысының әкімдігіне көмек пен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.


"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Хамбар Бақытгүл институт сарапшыларының ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу барысында Абай облысының Білім және Мәдениет министрліктерінің өкілдері өз пікірлерімен бөлісіп, ТДМ-ды оқшаулау әдістемесі жобасына қатысты түсініктемелер берді.

Семинар соңында іс-шараға қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізілді.

Сондай-ақ көшпелі іс-сапар аясында облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшылығымен және облыстағы жастар саясатын жүзеге асыруға жауапты әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен жеке кездесулер ұйымдастырылды.




Қарау саны: 1088
Сақталған: 20.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!