2023 жылғы 21 қыркүйекте «Экономикалық зерттеулер институты" АҚ "ғылыми ынтымақтастық туралы» меморандум аясында «Торайғыров университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу ұжымымен бірлесіп «Өңірдің өнеркәсіптік кешенінің (Павлодар облысы) технологиясын әзірлеу және экологиялық брендингін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында «Торайғыров университеті» КЕАҚ ұжымы Павлодар облысының өнеркәсіп кешенінің экологиялық брендингін дамыту технологиясы мен тетіктерін әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан зерттеудің негізгі бағыттарын таныстырды.
Таяу болашақта "Торайғыров университеті" КЕАҚ ғылыми-зерттеу ұжымы:
- Еліміздің басқа өңірлерінде оны пайдалануды ескере отырып, жасыл технологияларды жүйелеу, біріктіру және интеграциялау қағидаттарында өңір экономикасының салаларын экологияландыру тұжырымдамасын әзірлеу;
- Өңірдің ESG-трансформациясының барлық қатысушыларының, оның ішінде ұлттық ESG-клубты тарта отырып, өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу;
- Өңірдің экономикасы мен трансшекаралық аумақтарға экологиялық брендингтің технологиялары мен тетіктерін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
Институт тарапынан зерттеу әдістемесін жетілдіру, атап айтқанда әлеуметтік зерттеу жүргізу, негізгі индикаторларды әзірлеу және оларды облыстың даму жоспарына интеграциялау бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды. Сонымен қатар, өңір кәсіпорындары үшін мониторинг құралын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.