Өңірлік теңсіздік туралы 30 тұжырым. № 7 тұжырым-Ұлытау және Шығыс Қазақстан облысында электрмен жабдықтау сапасының бағалауы ең төмен
27.09.2023
№ 7 тұжырым-Ұлытау және Шығыс Қазақстан облысында электрмен жабдықтау сапасының бағалауы ең төмен Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия даму банкінің біліммен және тәжірибемен алмасудың бірлескен бағдарламасының "Өңірлік теңсіздікті зерттеу" жобасы шеңберінде халықтың өз кірістерін бағалауы жүргізілді. Қазақстанда электрмен жабдықтау сапасы халықтың бағалауы бойынша жоғары болып табылады, ел бойынша орташа есеппен 4 балдық шкала бойынша электрмен жабдықтау сапасы 3,28 балға бағаланды. Өңірлердің бөлінісінде, респонденттердің пікірінше, Ұлытау (2,53 балл) және Шығыс Қазақстан облысы (2,86 балл) бойынша электрмен жабдықтау сапасы ең төмен. Жоғарыда айтылғандай, өңірлерде электрмен жабдықтау сапасын бағалау Ұлытау облысында ең төмен, онда қала тұрғындары 4 балдан 2,53 балл, ал ауылдарда 2,24 балл берді. Келесі өңірлерде: Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында электрмен жабдықтау сапасының бағалауы жоғары. Жалпы, қалаларда электрмен жабдықтау сапасы ауылдарға қарағанда жоғары. Алайда 6 өңірде электрмен жабдықтау сапасын бағалау қалаларға қарағанда ауылдарда жоғары: Абай (0,08 балл), Жетісу (0,13 балл), Ақтөбе (0,17 балл), Жамбыл (0,17 балл), Солтүстік Қазақстан (0,25 балл) және Қарағанды (0,55 балл) облыстарында. Ауылдық жерлерде Ұлытау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында электрмен жабдықтау сапасы бойынша ең төмен бағалау берілген. Электрмен жабдықтау сапасы Қазақстанда жоғары бағаланады, алайда жергілікті жерлерде тұрақты мониторинг жүргізу, электрмен жабдықтаудың нүктелік мәселелерін шешу және елді мекендерде инфрақұрылымның жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін электр энергиясын беру параметрлерін сақтау қажет.
Қарау саны: 1083 |
|
|