ХАБАРЛАНДЫРУ - Ашық диалог: «Таза су-қол жетімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

27.09.2023

2023 жылғы 29 қыркүйек, сағат 10:00-де басталады
АСТАНА қ., Темірқазық к-сі, 65, «Экономика Үйі», мәжіліс залы

29-қыркүйек күні Экономикалық зерттеулер институтында «Таза су – қолжетімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында ашық диалог өтеді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасындағы сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесі сапасы мәселелеріне назар аударуға арналған.

Іс-шарада талқыланатын болады:
  • Қазақстан өңірлерінде су ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Қалалар мен ауылдық жерлердегі судың сапасы;
  • Елдің әртүрлі аймақтарында ауыз суға қол жеткізу.

Ашық диалог Қазақстан өңірлеріндегі су ресурстарының қолжетімділігі мен қауіпсіздігіне байланысты маңызды аспектілерді талқылау үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. Іс-шара аясында шақырылған сарапшылар, Үкіметтің негізгі құрылымдық органдары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары мен презентациялары ұсынылады.

Спикерлер:
  • Азамат Сырымбетұлы Саменов, өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары;
  • Мейрембаев Айтжан Мәулетбайұлы, өмір сапасы орталығы директорының орынбасары;
  • Керемқұлов Нұрсұлтан Бейбітбекұлы, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы;
  • Махамбетов Сәкен Аралбайұлы, «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару, сервис және Энергосервис субъектілері қауымдастығы кеңесінің төрағасы.

Модератор: Матаев Ғабит Мұстафаұлы, өңірлік зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

Қатысу және өзге де сұрақтар үшін: 
Саменов Азамат, 
тел. 8(7172) 28-05-64, 8-707-484-31-79,
e-mail: A.Samenov@eri.kz




Қарау саны: 1185
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!