Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары ШЫҰ консорциумы аясында энергетикалық және азық түлік қауіпсіздігі мәселесін талқылады

27.09.2023

2023 жылғы 26 қыркүйекте ШЫҰ экономикалық талдау орталықтары консорциумының кезекті онлайн отырысы өтті. Оның жұмысына Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің аналитикалық және ғылыми-зерттеу құрылымдары және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар негізгі қорытындылармен танысып, «Тұрақты және әртараптандырылған жеткізу тізбегін дамыту: ШЫҰ өңірінде энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен зерттеу нәтижелерін егжей-тегжейлі талқылады.


Отырыс басында Қырғызстан өкілі құттықтау сөз сөйлеп, консорциумға қатысушы елдердің талдау орталықтарының атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің 2023 жылғы қазандағы отырысы аяқталғаннан кейін ШЫҰ консорциумындағы төрағалық Пәкістан тарапына өтетінін еске салды.

Тәжікстан ғылыми-зерттеу институтының өкілі Үкіметтің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралары туралы, атап айтқанда, елдің туристік және көліктік-логистикалық кластерлерді дамытуға үлкен әсер ететін агроөнеркәсіптік кластерлерді құруда ШЫҰ елдерінің қолдауын күтетінін жеткізді.


Ресей тарапынан өкіл көлік дәліздері мен сауданы цифрландырудың маңыздылығын және энергетика мен азық-түлік саласына әсер ететін негізгі аспектілер ретінде климаттық саясатты дамыту маңыздылығын атап өтті.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары энергетиканы әртараптандыруға, энергия тиімділігін арттыруға және орнықты дамуды ынталандыруға ықпал ететін кешенді стратегияларды қабылдауды ұсынды.

Отырыста Қытай тарапынан автоматтандыруды, зияткерлікті және азық-түлік дақылдарын өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Бұл іс-шараларға азық-түлік өндірісі туралы ақпараттық платформа құру, интеграцияланған цифрлық астық жинау платформасын әзірлеу және өсірушілер үшін дақылдарды сақтау туралы ақпараттық платформа құру кіреді.

ШЫҰ экономикалық талдау орталықтары консорциумы сарапшыларының келесі отырысы 2023 жылдың соңына жоспарланған, оның шеңберінде 2024 жылға арналған іс-қимыл жоспары жасақталатын болады.




Қарау саны: 1073
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!