Қазақстанда қандай қалалар ауылға айналуы мүмкін?

28.09.2023

Қазақстанда үш шағын қала өзінің әкімшілік мәртебесін өзгертіп, ауыл санатына ауысуы мүмкін: Степняк (Ақмола облысы), Темір және Жем (Ақтөбе облысы) қалалары.

«Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа тиісті түзетулері бар құжат «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға шығарылды.


Құжатта әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалаларда (халық саны 10 мың адамнан кем) олардың әкімшілік мәртебесін өзгерту бойынша кезең-кезеңмен процесс жүргізілетіні айтылады.
 
Бірінші болып Степняк, Темір және Жем шағын қалалары өздерінің қалалық мәртебесін жоғалтуы мүмкін.
 
Естеріңізге сала кетейік, Степняк Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Қала тұрғындарының саны 3,8 мың адамды құрайды.

Темір қаласы – Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімшілік орталығы. Қалада 2,1 мың адам тұрады.
 
Жем – 1,5 мың халқы бар аудандық маңызы бар қала. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.
 
Құжатта сондай-ақ 17 ірі ауылдың ауыл мәртебесіне сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылының халқы 54 мың адамға, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылында 50 мың адамға, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында 47 мың адамға жетті. Бұл ауылдардың барлығы болашақта қала мәртебесіне ие болуы мүмкін.

Бұдан басқа, Жарлықтың жобасында облыстық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан дербес ауылдар мен кенттердің болуына талдау жүргізілетіні айтылады. Бұл «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы келетіндіктен, мұндай ауылдар мен кенттердің мәртебесі қайта қаралып, кейін шағын аудандар ретінде қалалардың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. 




Қарау саны: 1162
Сақталған: 26.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!