Мемлекеттік бюджеттің кірістері

28.09.2023

2023 жылдың алғашқы 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 12 805,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1 381,9 млрд. теңгеге немесе 12,1%-ке артық. Кірістердің өсуі салық түсімдерінің оң серпінімен қамтамасыз етілді (+1 955,2 млрд. теңге немесе 24,2%). Бұл ретте трансферттер түсімдері 532,2 млрд. теңгеге немесе 18%-ке төмендеді.

Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылдың алғашқы 7 айында ең үлкен өсімді ҚҚС (қосылған құн салығы) көрсетті. Осылайша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚҚС түсімдері 822,1 млрд. теңгеге (39%) өсті. Бюджеттің салық түсімдерінің өсуіне оң үлес КТС (КПН) 442,3 млрд. теңгеге (20%) және ЖТС (ИПН) 252,4 млрд. теңгеге (28,7%) өсуімен байланысты.


Мемлекеттік бюджет шығыстары
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2023 жылдың алғашқы 7 айында 15 274,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 27,5%-ке артық.

Шығыстардың ұлғаюы келесі бағыттар бойынша шығындардың өсуі есебінен қамтамасыз етілді:
  • Білім беру – 581 млрд. теңге немесе 22%;
  • Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 451,5 млрд. теңге немесе 17,6%;
  • Денсаулық сақтау – 213,6 млрд. теңге немесе 19%;
  • Қарызға қызмет көрсету – 370,1 млрд. теңге немесе 37,8%.

Мемлекеттік бюджет балансы
Осылайша, 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет балансы -2 393,1 млрд. теңге мөлшеріндегі тапшылықта қалыптасты. Бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тапшылық 4,5 есеге өсті (2 022 жылғы қаңтар-шілдеде -526,1 млрд.теңге). 

Негізінен, тапшылықтың ұлғаюы бюджет шығыстарының едәуір өсуіне, ал кірістердің аз мөлшерде өскеніне байланысты.




Қарау саны: 1163
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!