27-қыркүйекте өткен халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру бағдарламасы бойынша жобалық кеңсенің отырысы

29.09.2023

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары А.Т. Шерияздановтың төрағалығымен халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру бағдарламасы бойынша жобалық кеңсенің апта сайынғы отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру Бағдарламасын және ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылау болды.


Мемлекеттік органдар бүкіл ел бойынша "Ауыл аманаты", "Ауыл – ел бесігі", "Жаңа қала"секілді үш негізгі бағыт бойынша белсенді жұмыс істей бастады.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының, Шымкент қаласының әкімдіктері өңірлік Жобалық кеңселер шеңберінде белсенді жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, жобалық кеңсенің жұмысына "AMANAT" партиясының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қосымша қосылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүйсенованың тапсырмасы бойынша құрылған жобалық кеңсе қазіргі уақытта жобалық кеңселердің қолданыстағы жүйесіне енгізілгенін атап өткен жөн.




Қарау саны: 1084
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!