Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмыс кеңесі
29.09.2023
19-қыркүйекте парламенттік комиссияның екінші отырысы қарсаңында Қазақстанда білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың негізгі мәселелерін талқылау бойынша саладағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссияның (бұдан әрі - Парламенттік комиссия) жұмыс кеңесі өтті. Отырысқа Парламенттік комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Перепечина Ольга Валентиновна алғы сөз сөйлеп, тұрақты даму мақсаттары халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын, сондықтан оларды іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыру өте маңызды екенін атап өтті. Отырыстың негізгі мәселелері шеңберінде еліміздің білім, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім саласындағы ұлттық индикаторларды іске асыру туралы ҚР Білім, ҚР Денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылары сөз сөйледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың уақтылы жиналуы мен сапасының маңыздылығын атап өтті. ЮНФПА сарапшысы аз қамтылған отбасылардан шыққан репродуктивті жастағы әйелдердің отбасын жоспарлау саласындағы қажеттілікті атап өтті. Білім беру саласындағы жекелеген индикаторлардың ілгерілеуі туралы ЮНИСЕФ Балалар Қоры мен Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының сарапшылары сөз сөйледі. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов қаралып отырған орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі жетістіктер мен сын-қатерлерді атап өтті, сондай-ақ оларды енгізу жөніндегі ұсыныстармен бөлісті. ҚР АӘКД Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айнұр Досанова ТДМ ұлттық индикаторларын өзектендіруге және оларды іске асыру кезінде одан әрі жүйелі тәсіл қажет екеніне назар аударды. Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша парламенттік комиссияның кезекті отырысында шешуді және ұсынымдарды талап ететін өзекті мәселелер шеңбері айқындалды.
Қарау саны: 1111 |
|
|