«Turkic States Economy» кітабының тұсаукесері

29.09.2023

28-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (бұдан әрі – ERI, Институт) Әзербайжан Республикасының экономикалық реформалар мен байланысты талдау Орталығымен бірлесіп институт алаңында "Turkic States Economy" кітабын таныстырды. 

Іс-шара түркі мемлекеттері ұйымына (бұдан әрі – ТМҰ)  мүше елдердің талдау орталықтарының бірлескен күш-жігерімен әзірленген монографияны шығаруға орайластырылды.


«Turkic States Economy» кітабы түркі әлеміндегі экономикалық динамиканың терең талдауы болып табылады, оның ішінде макроэкономикалық көрсеткіштер, 2022 жылғы ТМҰ-ға мүше елдер мен бақылаушылар үшін сауда, қаржы және бюджет туралы деректер бар. Ол сондай-ақ жаһандық экономикадағы заманауи сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді көрсететін Жасыл экономика мен цифрландыруға арналған инновациялық бөлімдерді қамтиды.

Қазақстан тарапынан ERI зерттеушілері: Руслан Сұлтанов, Долорес Төлебекова, Баян Әбдірахманова, Ернар Серік, Қымбат Ахметжанова, Индира Бейсекеева, Азиза Қасенова монографияның бірлескен авторлары болып табылады.


Кітаптың тұсаукесері түркі әлеміндегі ресми экономикалық саясатпен айналысатын зерттеу мекемелерін біріктірген маңызды оқиға болды.

ERI Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсмановтың айтуынша «Turkic States Economy» кітабы ТМҰ-ға мүше елдердің талдау орталықтары арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың алғашқы қадамы болады. 

«Кітап – түркі мемлекеттері қоғамындағы негізгі мақсаттарға қол жеткізуге, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени стандарттарды жақсартуға бағытталған байланыстар мен ғылыми зерттеулерді нығайтудың маңызды үлгісі болып табылады», деді Әділ Құсманов. Сонымен қатар, ол Институттың ТМҰ-ке мүше елдердің аналитикалық орталықтары деңгейінде болашақ ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.






Қарау саны: 1044
Сақталған: 29.09.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!