Қазақстан 2023 жылғы Жаһандық инновациялық индексте 81-ші орынды иеленді

02.10.2023

2023 жылғы 27 қыркүйекте 2023 жылғы Жаһандық инновациялық индекстің (бұдан әрі – индекс) нәтижелері жарияланды.

Қазақстан индексте өткен жылмен салыстырғанда (83-орын) 2 позицияға көтеріліп, 26,7 балл нәтижесімен 132 елдің ішінен 81-орынды иеленді. Еліміз Беларусь (80-орын) мен Өзбекстан (82-орын) арасында орналасты.
 
Сонымен қатар, Қазақстан ағымдағы рейтингте Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі инновациялық экономикасы бар үздік 3 елдің қатарына кіргенін атап өткен жөн. Зерттеуде 2021 және 2022 жылдардағы деректер бағаланды.

2023 жылғы индекстің қорытындысы бойынша Қазақстан бағалаудың барлық 7 факторы бойынша 3-ші (34-66-орындар) және 2-ші квартиль (67-99-орындар) шегінде. Осылайша, үш фактор бойынша (институттар, адам капиталы және ғылым, инфрақұрылым) ел 3-ші квартильде, ал қалған төрт фактор бойынша – 2-ші квартильде орналасуды жалғастыруда.


7 фактордың 3-і бойынша жақсару байқалатынын атап қеткен жөн. («Кретивті қызметті дамыту», «Ішкі нарықты дамыту «және «Адам капиталы және ғылым»).
 
Бұл ретте 3 фактордың ішінде «Кретивті қызметті дамыту» факторы бойынша барынша жақсару байқалады, ол бойынша позиция 28 тармаққа көтерілді. Резиденттердің өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер санының күрт өсуіне СҚП бойынша ЖІӨ-нің 0,2 млрд доллардан СҚП  бойынша ЖІӨ-нің 0,3 млрд долларға дейін  ұлғаюы ықпал етті.
 
«Ішкі нарықты дамыту» факторы бойынша позицияның шамалы өсуіне микроқаржы ұйымдарынан кредиттердің ЖІӨ-ден 0,6%-тен 1,1%-ке дейін өсуі әсер етті.
  
Білім беру шығыстарының ЖІӨ-ден 2,9%-тен 4,5%-ке дейін өсуі «Адам капиталы және ғылым» факторы бойынша ел позициясының жақсаруына әкелді. Индекстегі елдің позициясының жақсарғанына қарамастан, әлсіз жақтары да байқалады. Осылайша, ел 4 фактор бойынша өз позициясын нашарлатты («Институттар», «Бизнесті дамыту», «Технологиялар мен білім экономикасын дамыту», «Инфрақұрылым»).

Бұл ретте «Институттық орта» (72-орын) және «Іскерлік орта» (70-орын) қосалқы факторлары бойынша төмендеу әсер еткен «Институттар» факторы бойынша барынша нашарлау (9 тармаққа төмендеу) байқалады. Айта кету керек, бұл қосалқы факторлар сауалнама деректері негізінде қалыптасады. 

Мысалы, Қазақстанда бизнеске әсер ететін саяси, заңдық, операциялық тәуекелдердің немесе қауіпсіздік тәуекелдерінің ықтималдығы мен ауырлығын бағалайтын сауалнама көрсеткіші бойынша 8 тармаққа (71-орын) төмендеу байқалады. Осыған ұқсас Үкіметтің бизнесті жүргізу үшін тұрақты саясатты қамтамасыз ету дәрежесін көрсететін көрсеткіш бойынша 6 тармаққа (99-орын) төмендеу байқалады.

Жалпы, 2023 жылғы индекстің нәтижелері техникалық прогрестің қарқынды өсуі мен дамуын көрсетеді, алайда әлеуметтік-экономикалық әсер шектеулі болып қала береді.
 
Ең маңызды өзгерістердің ішінде мыналарды атап өткен жөн:
  • индексте жетекші орындарды Швейцария, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания және Сингапур алады. Сондай-ақ, Қытай, Түркия, Үндістан, Вьетнам, Филиппин, Индонезия және Иран сияқты орташа табысы бар елдер соңғы он жылда инновацияда айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өткен жөн;
  • АҚШ көптеген инновациялық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып қала береді, индекстің 80 көрсеткішінің 13-і бойынша әлемде 1-орын алады. Оның артынан Сингапур (80-ден 11) және Израиль (80-ден 9)келеді;
  • жалпы капиталды жинақтау бойынша 1-орын алатын Мозамбик, микроқаржы ұйымдарының қарыздары бойынша көшбасшы Камбоджа мен Непал, венчурлық инвесторлар бойынша ерекшеленетін Маврикий және сауда белгілері бойынша 1-орында тұрған Иран сияқты табысы орташа және төмен елдердің көшбасшылық позициялары инновациялар әлеміндегі жетістіктер болып келеді.

2022 жылы ғылыми жарияланымдардың айтарлықтай өсуі байқалды және зерттеулер мен әзірлемелерге арналған мемлекеттік бюджеттердің өсуі күтілуде. Алайда, бұл өсу инфляцияның әсерін өтемеуі мүмкін.

Технологияларды (АКТ, денсаулық сақтау, мобильділік және энергетика) енгізудің өсуіне қарамастан, инновациялардың кеңірек әлеуметтік-экономикалық әсеріне және осы бағыттағы күш-жігерді арттыруға қажеттілік бар екенін атап өткен жөн.




Қарау саны: 1256
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!