Мемлекеттік басқарудың тиімділігі – Қазақстанның WGI бойынша ең үздік нәтижесі

03.10.2023

2022 жылғы деректер бойынша Мемлекеттік басқару сапасының индикаторлары 2023 (the Worldwide Governance Indicators, WGI) нәтижелері жарияланды. Зерттеуде 200-ден астам ел бағалаудан өтті.
 
Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша 6 жиынтық көрсеткіштен Қазақстан 4 көрсеткіш бойынша нәтижелерін жақсартып, 2 көрсеткіш бойынша нашарлады: 
  • Халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі – 19,81 перцентиль (0,97 перцентильге жақсару)
  • Саяси тұрақтылық және зорлық-зомбылықтың болмауы – 32,55 перцентиль (5,66 перцентильге нашарлау)
  • Мемлекеттік басқарудың тиімділігі - 58,49 перцентиль (3,25 перцентильге жақсару)
  • Заңнаманың сапасы – 52,83 перцентиль (2,88 перцентильге нашарлау)
  • Заңның үстемдігі – 35,85 перцентиль (2,52 перцентильге жақсару)
  • Сыбайлас жемқорлықты бақылау –48,58 перцентиль (1,44 перцентильге жақсару).

WGI бағалауларының нәтижелері 6 индикатордың ішінде мемлекеттік басқарудың тиімділігі бойынша ағымдағы жылы ең жақсы нәтиже байқалатынын көрсетеді.

Екінші жыл қатарынан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы бойынша мәндердің 40,95-тен 48,58 перцентильге дейін өсуі байқалады.

Сонымен қатар, халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі мәселесі әлсіз буын болып қала береді.
 
Сондай-ақ, 6 жиынтық көрсеткіштің 3 көрсеткіші елдің жалпыұлттық басымдықтарының көрсеткіштері болып табылатынын атап өткен жөн:
  • Мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (2022 жылға жоспарлы мән – 62-65 перцентиль)
  • Халықтың пікірін есепке алу индексі және мемлекеттік органдардың есептілігі (2022 жылға арналған жоспарлы мән – 27,5 перцентиль)
  • Саяси тұрақтылық және зорлық-зомбылықтың/терроризмнің болмауы индексі (2022 жылға жоспарлы мән – 48 перцентиль).

Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізілген жоқ.

Бұған қоса, WGI ағымдағы рейтингін қалыптастыру кезінде алдыңғы жылдардың мәндері қайта есептелгенін, олар қазір стратегиялық көрсеткіштер картасының негізгі мәндеріне сәйкес келмейтінін атап өтеміз.


Анықтама үшін: 
Worldwide Governance Indicators (WGI) алты жиынтық көрсеткіш негізінде құрылады:
  • Халықтың пікірін есепке алу және есеп берушілік (халықтың үкіметті таңдауға қатысу дәрежесін, пікір білдіру еркіндігінің деңгейін көрсетеді)
  • Саяси тұрақтылық және зорлық-зомбылықтың болмауы (үкіметті конституциялық емес әдістермен тұрақсыздандыру ықтималдығын өлшейді)
  • Үкімет жұмысының тиімділігі (мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекеттік қызмет жұмысының сапасын бағалайды)
  • Заңнаманың сапасы (үкіметтің негізделген саясат пен НҚА әзірлеу және енгізу қабілетін бағалайды)
  • Құқықтың үстемдігі (әр түрлі субъектілердің қоғамдағы қолданыстағы нормаларға деген сенім дәрежесін және олардың осы нормаларды сақтауға дайындығын бағалайды)
  • Сыбайлас жемқорлықты тежеу (мемлекеттік билікті пайдакүнемдік мақсатта пайдалану тәжірибесінің таралуын бағалайды)

WGI-де нәтижелер әрбір жиынтық көрсеткіш бойынша проценттік дәрежелер межелігі бойынша көрсетіледі (көрсеткіштері төмен елдердің процентін анықтау арқылы жекелеген мемлекеттің қалған мемлекеттер арасындағы жағдайын көрсетеді, 0 - ең төмен көрсеткіштен бастап 100 - ең жоғары көрсеткішке дейін).




Қарау саны: 1130
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!