Мемлекеттік басқарудың тиімділігі – Қазақстанның WGI бойынша ең үздік нәтижесі
03.10.2023
2022 жылғы деректер бойынша Мемлекеттік басқару сапасының индикаторлары 2023 (the Worldwide Governance Indicators, WGI) нәтижелері жарияланды. Зерттеуде 200-ден астам ел бағалаудан өтті. Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша 6 жиынтық көрсеткіштен Қазақстан 4 көрсеткіш бойынша нәтижелерін жақсартып, 2 көрсеткіш бойынша нашарлады:
WGI бағалауларының нәтижелері 6 индикатордың ішінде мемлекеттік басқарудың тиімділігі бойынша ағымдағы жылы ең жақсы нәтиже байқалатынын көрсетеді. Екінші жыл қатарынан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы бойынша мәндердің 40,95-тен 48,58 перцентильге дейін өсуі байқалады. Сонымен қатар, халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі мәселесі әлсіз буын болып қала береді. Сондай-ақ, 6 жиынтық көрсеткіштің 3 көрсеткіші елдің жалпыұлттық басымдықтарының көрсеткіштері болып табылатынын атап өткен жөн:
Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізілген жоқ. Бұған қоса, WGI ағымдағы рейтингін қалыптастыру кезінде алдыңғы жылдардың мәндері қайта есептелгенін, олар қазір стратегиялық көрсеткіштер картасының негізгі мәндеріне сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Анықтама үшін: Worldwide Governance Indicators (WGI) алты жиынтық көрсеткіш негізінде құрылады:
WGI-де нәтижелер әрбір жиынтық көрсеткіш бойынша проценттік дәрежелер межелігі бойынша көрсетіледі (көрсеткіштері төмен елдердің процентін анықтау арқылы жекелеген мемлекеттің қалған мемлекеттер арасындағы жағдайын көрсетеді, 0 - ең төмен көрсеткіштен бастап 100 - ең жоғары көрсеткішке дейін).
Қарау саны: 1128 |
|
|