Қор нарығы

03.10.2023

АҚШ

Жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ-тың қор индекстері акциялардың құлдырауын көрсетті.
Осылайша, Dow Jones индексі 1,46%-ке, S&P 500 индексі 1,13%-ке, ал NASDAQ Composite индексі 0,39%-ке төмендеді.

Индекс құрамдастары арасында өсу көшбасшылары:
  • Dow Jones – Nike Inc акциялары – 95,62 тармақ белгісіне дейін 5,99 т. (6,68%) көтерілді.
  • S&P 500 – VF корпорациясының акциялары – 17,67 тармақ белгісіне дейін 6,51%-ке көтерілді.
  • NASDAQ Composite – Blue Apron Holdings Inc акциялары – 134,52%-ке, 12,875 тармақ белгісіне дейін өсті.

Индекс құрамдастары арасында құлдырау көшбасшылары:
  • Dow Jones – The Travellers Companies Inc акциялары – 163,31 тармақ белгісіне дейін 4,31 т. (2,57%) төмендеді.
  • S&P 500 – Carnival Corporation акциялары – 13,72 тармақ белгісіне дейін 4,99%-ке төмендеді.
  • NASDAQ Composite – Glimpse Group Inc акциялары – 43,38%-ке, 1,84 тармақ белгісіне дейін түсті.

Еуропа

Еуропаның қор индекстері негізінен акциялардың құлдырауын тіркеді. 
Stoxx Europe 600 аймағының жиынтық қор индексі 0,04-ке төмендеп, 450,22 тармақ белгісіне жетті.
Германияның DAX қор индексі де 0,12%-ке, Ұлыбританияның FTSE 100 қор индексі 0,20%-ке, ал итальяндық FTSE MIB 0,48%-ке төмендеді. 
Өсуді тіркеген жалғыз индекстер француздық САС 40 индексі, британдық FTSE 100 қор индексі және испандық IBEX 35 индексі болды, олар сәйкесінше 0,15% және 0,44% өсті.

Азия

Жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Азия-Тынық мұхиты елдерінің қор индекстері аралас серпінді тіркеді.
Осылайша, жапондық Nikkei 225 индексі 2,51%-ке, қытайлық Shanghai Composite 0,16%-ке, оңтүстік корейлік Kospi 1,22%-ке және австралиялық S&P/ASX 200 индексі 0,39%-ке төмендеді. 
Өсімді тіркеген жалғыз индекс гонконгтық Hang Seng болды, ол 0,45%-ке көтерілді.

Акцияларға баға белгілеу өсуінің көшбасшылары:
  • жапондық Toyo Seikan Group Holdings, Ltd. шикізат компаниясы 3,21%-ке;
  • қытайлық Routon Electronic Co Ltd өнеркәсіптік компаниясы 10.08%-ке;
  • гонконгтық Alibaba Health Information Technology Ltd циклдік компаниясы 10,66%-ке;
  • оңтүстік корейлік Hanon Systems циклдік компаниясы 3,40%-ке;
  • австралиялық St Barbara Ltd денсаулық сақтау компаниясы 8,57%-ке.

Сарапшы пікірі
Алдағы аптада инвесторлардың көңіл-күйі турбулентті және белгілі бір дәрежеде АҚШ-тың еңбек нарығы туралы мәліметтердің жариялануына тәуелді болады. Сондай-ақ, Америкада инфляция деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалғанына қарамастан, оның көрсеткіштері ФРЖ белгілеген мақсатты мәндерден әлі де алыс, бұл, өз кезегінде, жақын арада базалық проценттік мөлшерлеменің ықтимал өсуіне байланысты нарықты шиеленісте ұстауды жалғастыруда.

Азия-Тынық мұхиты аймағының көңіл-күйін орташа жағымды деп сипаттауға болады. Қытайдың экономикалық белсенділігінің жақсаруы аймақтағы қор индекстеріне оң әсер етуі керек.



Қарау саны: 1128
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!