Жұмыс отырысы

28.02.2020

2020 жылғы 6 ақпанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ алаңында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде құқықтық кепілдіктерді жақсарту мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.




Отырыс ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Б. Мұстафинаның басшылығымен өтті. Оған Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың және "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ ҚР ҰЭМ кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобының мүшелері қатысты.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ара-жігін ашу, мемлекеттік бақылауда тергеу жүргізу, тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, заңсыз кәсіпкерлікті анықтаудағы мемлекеттік бақылаудың рөлі, мемлекеттік бақылау нысандары, саланы ерекше тәртіпке жатқызу өлшемшарттары, объектілік бақылау және тексерулерді тіркеу мәселелері бойынша пікірталас өтті.

Одан әрі жұмыс бойынша ұсыныстар әзірленді және жұмыс тобы отырыстарының кестесі бекітілді, оған сәйкес мамандар аталған мәселелер бойынша талқылау және ұсыныстар әзірлеу үшін әр екі апта сайын жиналатын болады.


Қарау саны: 5845
Сақталған: 29.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!